07:01 27 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.59
  • EUR507.30
  • RUB5.62
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
455 0 0

Қуаныш Сейітжанов партия қатарында бес жылдың ішінде қоғамға пайдасын тигізген, әсіресе, ауыл халқының жағдайын білетін, білімі мен білігі сай азаматтар баршылық екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 23 қыркүйек – Sputnik. "Ауыл" партиясы өзін тек сайлау кезінде ғана оянады деп сынағандарға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ел аманаты" жалпыұлттық сауалнамасына арналған онлайн брифингте журналистердің бірі "Ауыл" партиясының парламент сайлауына қатысты жоспарын сұрады.

"Соңғы өткен парламенттік сайлаудан кейін "Ауыл" партиясы қандай жұмыстар атқарды және оны неге ешкім естімейді? Партия тек сайлау алдында оянатын сияқты әсер қалыптасады. Жалпы алдағы парламент сайлауында қанша дауыс жинауға үміттеніп отырсыздар?", - деп сұрады БАҚ өкілі.

"Жаңағы айтылған бес жылдың ішінде біз ешқашан да ұйықтап жатқан жоқпыз. Әлеуметтік желілердегі ақпараттарды анда-санда ақтарып отырсаңыздар, көз жеткізесіздер. Бес жылдың ішінде қоғамға пайдасын тигізген, әсіресе, ауыл халқының жағдайын білетін, білімі мен білігі сай азаматтар ішкі іріктеуде жоқ емес, бар", - деді "Ауыл" партиясы орталық аппаратының жетекшісі Қуаныш Сейітжанов.

Ол "Ауыл" партиясының негізгі мақсаты – парламентке ену екенін атап өтті.

"Енді қанша пайызға есеп құрып отырсыздар деген әзірге артықтау болатын шығар", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда жалпыұлттық сауалнама басталды 

Қазақстанда парламент сайлауы жақындап келеді.

Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – 5 жыл. Осылайша, мәжілістің қазіргі шақырылымының өкілеттігі 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады.

Заң бойынша мемлекет басшысы парламент сайлауының датасын 2020 жылдың 24 қазанына дейін белгілеуі тиіс.

Загрузка...

Басты тақырып