08:06 23 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD428.68
  • EUR507.21
  • RUB5.57
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
48 0 0

Министр дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз ететінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 22 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан диқандары барлығы 14,8 миллион гектардан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинап үлгерді. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр биыл егін ору науқаны уақытылы басталғанын атап өтті.

"Бұл ретте егін жинау науқанының қарқыны өткен жылға қарағанда жоғары. Мәселен, бүгінгі күні республика бойынша барлығы 14,8 миллион гектардан астам дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе олардың жалпы жиналатын алаңының жоспары 93,4%-інде орындалды. Ал былтыр осындай уақытта 10,3 миллион гектар немесе 67,6% орылған болатын", - деді Омаров үкімет отырысында.

Айтуынша, гектарына 12,3 центнер орташа түсімділікпен 18,2 миллион тонна астық бастырылды. 2019 жылы 11,4 миллион тонна болған.

Ол дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өндірісінің болжамды көлемі елдің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамтамасыз ететінін айтты.

Жаңа өнімнен лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына барлығы 3 миллион тонна астық түскен.

Оқи отырыңыз: Биыл ауыл шаруашылығы дақылдары 22,5 миллион гектарға егіледі

Министр астықтың сапасы жоғары көрсеткіштерге ие екенін мәлімдеді.

Мәселен, лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына тапсырылған жалпы бидай көлемінің 83,8%-ы 1-3-сыныптарға жатады. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 67,2%-ке тең еді.

Тиісінше, 4-5 сыныпты және сыныпсыз бидайдың үлесі 2019 жылғы 32,8%-тен 16,2%-ке дейін төмендеді.

Тақырып бойынша

Құс тұмауы адам үшін қауіпті ме - ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді
Ауыл шаруашылығы министрлігі егіс науқаны қалай жүргізіліп жатқанын айтты
Қазақстан астық пен ұн экспортына қойылған шектеуді алып тастайды 
Қазақстан Қытай арқылы Вьетнамға астық жөнелтті
Қазақстан астық пен ұн экспортына шектеу енгізеді
Кілт сөздер:
ауыл шаруашылығы, егін
Загрузка...

Басты тақырып