06:32 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1261 0 0

Қыз жедел хирургия бөліміне ес-түссіз күйде түскен. Дәрігерлер оны бірден аппаратқа қосып, жамбасына шұғыл ота жасаған

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Астаналық дәрігерлер абайсызда трактордың астына түскен бес жасар қызға ота сәтті жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айта кетейік, 6 қыркүйек күні Қорғалжын ауылында екі бала шөп тиелген трактордың тіркемесіне шыққан. Алайда екеуі де құлап, доңғалақтың астына түскен. Салдарынан 8 жасар ұл оқиға орнында жан тапсырды. Ал бес жасар қыз Нұр-Сұлтан қаласының №2 көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.

Ақмола облысында екі бала шөп тиелген трактордың астына түсті 

Аурухананың травматолог дәрігері Мұхтар Ахмұрзаевтың айтуынша, қыз жедел хирургия бөліміне ес-түссіз күйде түскен. Оны бірден аппаратқа қосып, жамбасына шұғыл ота жасаған. Бала 10 күн бойы жансақтау бөлімінде жатты.

"Бала өте ауыр жағдайда түсті, жарақаттан қатты шок алып қалған.  Бірақ аурухана мамандары – хирургтар, нейрохирургтар, травматолог пен реаниматологтар жедел көмек көрсетіп, отаны сәтті жасап шықты", - дейді Ахмұрзаев.

Қазіргі кезде бала ауруханадан шығуға дайындалып жатыр. Ата-анасы дәрігерлерге шексіз ризашылығын жеткізді.

"Қазір қызымның жағдайы жақсы. Көңіл-күйі де жақсарған. Әкесімен видео байланыс арқылы сөйлесіп тұрады. Отбасымызбен дәрігерлерге алғыс айтамыз. Бірінші Құдайдың қалауымен, екінші дәрігерлердің арқасында қызымыз аман қалды", - дейді қыздың анасы.

Полиция осы оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы "Көлiк басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастаған болатын.

 

Тақырып бойынша

"Рөлді ұстамай-ақ айдаймын": мас жүргізушінің оқиғаға дейінгі әрекеті белгілі болды
Алматылық әйел бір уақытта екі көліктің астына түсті - фото
Алматыда ер адам автобустың астына жатып алды – видео
Нұр-Сұлтанда әйел адам көлік астына түсіп қаза болды
Жүк көлігі самокат мінген жігітті басып кете жаздады – видео
Загрузка...

Басты тақырып