07:08 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
677 0 0

Республикалық эпизоотикалық топ өтемақыны қырылған құстың иесінің жеке есепшотына аударып отырады, деп атап өтті вице-министр Исаева

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева құс тұмауынан зардап шеккендерге өтемақы беру тәртібін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Барлық әкімдікте арнайы комиссия құрылды. Олар қырылған құстың орташа нарықтық бағасын анықтайды. Ал өтемақыны республикалық эпизоотикалық топ төлейді", - деді Исаева орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, арнайы комиссиялар қырылған құстың нарықтық бағасын анықтағаннан кейін тиісті құжаттар республикалық эпизоотикалық топта қаралады. Ветеринарлық қызметтің құжаттары да соған жіберіледі.

Оқи отырыңыз: Құс тұмауы адам үшін қауіпті ме - ауыл шаруашылығы министрлігі жауап берді 

"Республикалық эпизоотикалық топ өтемақыны қырылған құстың иесінің жеке есепшотына аударып отырады. Егер барлық құжат дұрыс болса, онда ақша үш күнге жетпей түседі. Қазіргі кезде республикалық эпизоотикалық топта шамамен 390 миллион теңге бар. Бұның барлығы өтемақы ретінде беріледі", - деп атап өтті Исаева.

Айта кетейік, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай және Қарағанды облыстарында құс тұмауы анықталды. Осыған байланысты бірнеше елді мекенде шектеу шаралары енгізіліп, құс өнімдерін шығаруға тыйым салынды.   

Тақырып бойынша

Құс тұмауы Қазақстанның тағы бір облысына жетті
Солтүстік Қазақстанда ауру өршіп тұр: бір тәулікте 180 мың құс қырылып қалды
Бірнеше облыста құс тұмауы тіркелді: мамандар аурудың қалай тарағанын анықтады
Кілт сөздер:
құс, өтемақы
Загрузка...

Басты тақырып