Қоғам

Қазақстанның бірнеше облысында шектеу шаралары енгізілді

© Sputnik / Елена БережнаяВ Северо- Казахстанской области продолжает свирепствовать птичий грипп: падеж птицы дошел и до птицефабрик региона
В Северо- Казахстанской области продолжает свирепствовать птичий грипп: падеж птицы дошел и до птицефабрик региона - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Қостанай және Қарағанды облыстарындағы бірнеше елді мекен құс өнімдерін шығара алмайды   

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Бірнеше облыста құс тұмауы анықталды. Бұл туралы ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева мәлім етті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Осы уақытқа дейін 47 елді мекенде құс қырылды. Бұның барлығы бес облыстың 26 ауданында болған. Жалпы, жеке үйлерде өлген құстың саны 12 926 басқа жетті. Бұдан бөлек, Солтүстік Қазақстандағы құс фабрикасында 41 мың құс қырылып қалды", - деді Исаева орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оқи отырыңыз: Солтүстік Қазақстанда бір тәулікте 180 мың құс қырылып қалды 

Вице-министрдің айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысында 27 ауылда құс қырылса да, қауіпті вирус 23 ауылда анықталған. Осыған байланысты 17 қыркүйектен бастап 7 ауданда құс өнімдерін шығаруға шектеу енгізілді. Олар:

  • Тимирязев ауданы;
  • Жамбыл ауданы;
  • Қызылжар ауданы;
  • Тайынша ауданы;
  • Шал ақын ауданы;
  • Ғабит Мүсірепов ауданы;
  • Мағжан Жұмабаев ауданы.

Ал Айыртау ауданы бойынша Қарақамыс ауылында шектеулер енгізілді. Бұдан бөлек, Ақмола облысында Шойындыкөл ауылы, Павлодар облысында Еңбекші, Ақтау және Трофимовка ауылдары, Қостанай облысында Сокол, Маяк және Красная Пресня ауылдары құс өнімдерін шығара алмайды.

"Сондай-ақ, қазіргі кезде Қарағанды облысының Нұра ауданында құстың қырылуынан қатысты зертханалық жұмыстар атқарылып жатыр", - деп түйіндеді Исаева.

Жаңалықтар
0