Қоғам

Назарбаевтың өзі сияқты: отандық кәсіпкер Елбасы костюмдерін кімнің киіп көретінін айтты

© Photo : Официальный сайт первого президента elbasy.kzНурсултан Назарбаев обсудил с акимами регионов готовность к обеспечению безопасности граждан
Нурсултан Назарбаев обсудил с акимами регионов готовность к обеспечению безопасности граждан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның Тұңғыш президентіне ұсынылатын кез келген сыйлық Елбасының хаттама мен қауіпсіздік қызметінің мұқият тексеруінен өтеді

АЛМАТЫ, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың хаттама қызметінде келбеті Елбасымен бірдей адам бар. Бұл туралы Feya Perizat подкастында қазақстандық кәсіпкер, блогер Нұрсұлтан Мағзұмов айтты.

2019 жылы ақпанда үкіметтің кеңейтілген отырысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда жасалған ерлер костюмінің брендін мақтады. Министрлерге шетелдік қымбат костюмдерін қазақстандық киімге ауыстырып, отандық өнімді қолдауға кеңес берді.

Кейінірек жастар жылының салтанатты ашылу рәсімінде отандық брендтің негізін қалаушылар президентпен жеке сөйлесіп, екі костюм сыйға тартты. 

Назарбаевтың мақтауына ие болған бренд негізін салушылардың бірі – Нұрсұлтан Мағзұмов. Ол Елбасыға костюм сыйлау процесінің қалай жүргенін айтып берді.

"Бізді президент әкімшілігіне хаттама және ережелермен танысуға шақырды. Яғни, не істеу керек екенімізді түсіндірді, тексерді. Біз екі костюм сыйладық. Ол кісіде 54-ші өлшем екен. Хаттама қызметінде Нұрсұлтан Назарбаевпен дене бітімі бірдей адам бар. Сол кісі киіп көріп, қай жерін қысқарту керек екенін айтты", – деді қазақстандық кәсіпкер.

Сондай-ақ, Нұрсұлтан Мағзұмов костюмді киіп көргеннен кейін қауіпсіздік қызметі киімнен радиоактивті және басқа да қауіпті заттардың бар-жоғын тексеретінін де айтып өтті.

Оқи отырыңыз: "Халық мүлдем басқаша өмір сүретін болады": Назарбаев маңызды жоба туралы айтты

Жаңалықтар
0