Қоғам

Қазақстанда 1200 адам із-түзсіз жоғалып кеткен

© Photo : СС0 / Maria SavelevaСилуэт
Силуэт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ер адамдар жиі жоғалады, бұл олардың қызметтік іссапарға шығуы мен маусымдық жұмыстар кезінде басқа өңірлерге баруымен байланысты, дейді полицейлер

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Қазіргі таңда Қазақстанда із-түзсіз жоғалғандар саны 1200 адамға жетті. Оның 22-сі – бала. Бұл туралы ішкі істер министрлігі криминалдық полиция департаментінің басшысы Думан Таев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Қазіргі таңда республикада із-түзсіз жоғалғандар саны – 1200 адам. Олардың 22-сі – бала. Ер адамдар жиі жоғалады. Бұл олардың қызметтік іссапарға шығуымен, маусымдық жұмыстар кезінде басқа өңірлерге баруымен байланысты", - деді Таев онлайн брифингте.

Ал, әйелдердің жоғалуына, оның айтуынша, негізінен, ішімдік себеп.

Кәмелетке толмаған балалардың хабар-ошарсыз кетуі отбасындағы ұрыс-керіс, ата-аналарының ішімдікке салынуы, әке-шешесімен бір үйде тұрғысы келмеу, үйден қашумен байланысты.

Таев бүгінде 80 адам табылып, туысқандарымен қауышатынын атап өтті.

Жаңалықтар
0