21:04 20 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.88
  • EUR502.93
  • RUB5.51
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Абайдың 175 жылдығы (61)
97 0 0

Humming House тобы қазақтың ұлы ақыны мен ойшылының 175 жылдығына орай Абайдың әніне құрмет көрсетті

НҰР-СҰЛТАН, 21 қыркүйек – Sputnik. Музыкалық топ әйгілі Абайдың "Айттым Сәлем, Қаламқас" әнін орындады.

АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің хабарлауынша, Нэшвилл қаласынан шыққан (Теннесси штаты) Humming House тобы қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай оның әндерін орындап, осылайша құрмет көрсетті. 

Сондай-ақ, америкалық топ 2018 жылы American Music Abroad бағдарламасы аясында Қазақстанға келіп, Абайдың туған жері – Семейде болып қайтқан. 

Айта кетейік, аталған топ өкілдері қазақ әнін бірінші рет орындап отырған жоқ. Осыдан екі жыл бұрын Humming House мүшелері "Наурыз" композициясының авторы Айдос Сағатпен бірге кавер-нұсқасын жазған.

Абайдың 175 жылдығын тойлау

Биыл 10 тамызда қазақстандықтар алдымен жаңа мереке – Абай Құнанбаев күнін атап өтті. Осы күнге дейін Қазақстанда көптеген іс-шаралар жоспарланған болатын, бірақ олар коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды немесе онлайн-форматта өтті.

Оқи отырыңыз: Абайдың 175 жылдығы: ұлы ақынның мерейтойы Мәскеуде аталып өтті – видео

Ұмытылмас іс-шаралардың бірі – мектеп оқушысы Ләйлім Шамшырақ бастаған Абай өлеңдерін оқуға арналған поэзия эстафетасы болды. Бойжеткен эстафетаны президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдап, танымал әнші Димаш Құдайберген мемлекет басшылығынан қабыл алды.

Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (61)

Тақырып бойынша

Абайдың 175 жылдығы қалай тойланады - Тоқаев жарлыққа қол қойды
Абайдың 175 жылдығы: ақын туралы телесериал түсіріледі  
Абайдың 175 жылдығы: ақынның есімі қандай нысандарға беріледі?
Абайдың 175 жылдығы: ұлы ақын жайлы фильмдерді қайдан тамашалауға болады
Кілт сөздер:
Абай Құнанбайұлы, Абайдың 175 жылдығы
Загрузка...

Басты тақырып