21:48 19 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD428.05
  • EUR501.20
  • RUB5.47
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
185 0 0

Күдіктілер жүргізуші куәліктерін 80-120 мың теңгеге сатқан, 2 мыңнан астам куәлік берілгені анықталды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жүргізуші куәлігін заңсыз сатқан бір топ адам ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі таратқан ақпаратқа сәйкес, күдіктілер жалған медициналық анықтамалар мен автомектептер бітіру туралы куәліктерді қолдана отырып, азаматтарды іс жүзінде оқытпай, теориялық және практикалық емтихансыз жүргізуші куәліктерін 80-120 мың теңгеге сатып келген.

"Аз уақыт аралығында 2 мыңнан астам жүргізуші куәлігі берілгені анықталды. Тінту кезінде 7 мектеп мөрі, 479 бітіру туралы куәлік бланкісі мен адамдардың сауалнамалық деректері толтырылмаған, дәрігерлердің қолы мен мөрі қойылған №086 үлгісіндегі жалған медициналық анықтамалар табылды", - делінген ресми хабарламада.

Осы орайда агенттік мамандары мұндай куәліктердің иелері жол қозғалысы ережелерін бұзатынын, ал олардың әрекеттері ауыр зардапқа соқтыруы мүмкін екенін еске салды.

"Істің бас фигурантына қатысты 2 ай мерзімге "күзетпен ұстау" бұлтартпау шарасы санкцияланды. Тергеу жалғасуда", - дейді тергеушілер.

Загрузка...

Басты тақырып