16:02 24 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD425.59
  • EUR505.43
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
47 0 0

Республиканың үш мегаполисі – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларында ай сайын 10 адам, барлығы 30  азамат тегін ем қабылдайды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы халықаралық медицина орталығымен ай сайын 30 адамға тегін ем-дом жасауға уағдаласты.

Қайырымдылық акциясы діни басқарманың 30 жылдық мерейтойына орай қолға алынып отыр.

Нұр-Сұлтан қаласында бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы халықаралық "Жас-Ай" медицина орталығының бас директоры, бас дәрігер Жасан Зекейұлын қабылдады.

Кездесуде мүфтияттың "30 жылдық мерейтойға – 30 игі шара" аясында 30 адамға тегін ем-дом жасау мәселесі жан-жақты талқыланды.

"Жас-Ай" медицина орталығының бас директоры бұл бастамаға қолдау көрсететінін мәлімдеп, мүфтияттың нұсқамасымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларынан ай сайын 10 адамды, барлығы 30 азаматты тегін емдеуге уәде берді", - деп хабарлады ҚМДБ.

Тараптар осы бастама аясында ортақ игі жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты. 

Діни басқармадан мәлімдегендей, 30 адамды тегін емдеу акциясы жыл соңына дейін жалғасады.

Кілт сөздер:
тегін, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы
Загрузка...

Басты тақырып