07:06 27 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.59
  • EUR507.30
  • RUB5.62
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
617510

Мағзұм Мырзағалиев Қазақстан халқын осы сенбіде қоғамдық орындарды қоқыстан тазартуға атсалысуға шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 18 қыркүйек – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтарды сенбілікке шығуға үндеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министр атап өткендей, жыл сайын 19 қыркүйекте бүкіл әлемде "World cleanup Day" акциясы өтеді.

"Миллиондаған адам қоғамдық орындарды қоқыстан тазарту үшін сенбілікке шығады. Былтыр шара 169 елдің азаматтарын біріктірді. Барлық қазақстандықты сенбі күні осынау ауқымды шараға белсенді қатысуға шақырамын", - деп жазды Мырзағалиев Twitter-дегі парақшасында.

Оқи отырыңыз: Министр Тоқаевтың қоқысқа қатысты тапсырмасы қалай орындалатынын айтты 

Оның айтуынша, ел бойынша еріктілер, белсенділер, қоғам өкілдері табиғи аумақтарды қоқыстан тазартып, ағаш отырғызады.

"Өз аулаңызды, айналаңыздағы саябақтар мен су арналарын, тағы басқа орындарды тазалау арқылы акцияға Сіз де үлес қоса аласыз", - деп түйіндеді экология министрі.

Тақырып бойынша

Тоқаев Қазақстанда экологиялық туризмді дамыту жоспарымен танысты
Ертіс өзеніне ерекше мәртебе беріле ме: экологтар талабына министр жауап берді
Нұр-Сұлтанда үкімет басшысы бастаған министрлер қоқыс тазалауға шықты - фото
Қазақстанда қоқыстан энергия өндіріледі - парламентте заң жобасы қаралып жатыр
Министр қазақстандықтардың балықты аз жейтінін айтып қапаланды
Кілт сөздер:
қоқыс, экология
Загрузка...

Басты тақырып