Қоғам

Нұр-Сұлтан әкімі газ бағасы қанша теңгеден болатынын айтты

© Photo : Сайт акимата Нур-Султана Коммунальщики прокладывают газопровод к жилым домам в Нур-Султане
Коммунальщики прокладывают газопровод к жилым домам в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қала әкімінің айтуынша, биылғы жылыту маусымында жеке секторлардағы тұрғын үйлер мен бірқатар қазандықтарды газға ауыстыру жоспарланып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 қыркүйек – Sputnik. Нұр-Сұлтанда газдың тарифі текше метріне 45 теңге болып белгіленді. Бұл туралы елорда әкімі Алтай Көлгінов қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуінде айтты.

"Бұған дейін газдың бір текше метрінің бағасы 60 теңге деп белгіленуі тиіс болған. Солай десек те, әкімдік орталық уәкілетті органдармен бірлесіп, тарифті төмендету жөніндегі орасан зор жұмыстар атқарды. Осылайша газдың текше метрінің бағасы 45 теңгеге дейін төмендетілді", – деді Көлгінов.

Қазіргі кезде Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй алабтарын газбен қамтамасыз етуде ішкі желілік жұмыстары жүргізілуде.

© Photo : Сайт акимата Нур-Султана Коммуналдық мекеме қызметкерлері тұрғын үйлерге газ құбырын жүргізуде
Нұр-Сұлтан әкімі газ бағасы қанша теңгеден болатынын айтты - Sputnik Қазақстан
Коммуналдық мекеме қызметкерлері тұрғын үйлерге газ құбырын жүргізуде

Атап айтқанда, Өндірісшілер мен Көктал-2-де – 95%, ал Көктал-1 тұрғын алабындағы құрылыс жұмыстары 80 процентке орындалды. Сондай-ақ, "Агроқалашық" пен Оңтүстік-шығыс тұрғын алабындағы жұмыстар осы шамада жүргізілсе, Теміржолшылар кентіндегі газ тарату желілерінің жоспары 100 процент жүзеге асырылды.

"Ағымдағы жылыту маусымында осы аудандардағы тұрғын үйлерді, соның ішінде Агроқалашықтағы кейбір үйлерді газбен жылытуға болады. Ол үшін тұрғындар үйлерді газға қосудың техникалық шарттарын алу үшін фронт-кеңселерге хабарласуы керек. Жеке сектор тұрғындарына есептегіш құралдары әкімдік тарапынан тегін ұсынылады", – деп атап өтті Көлгінов.

Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанға ресейлік газ тартылуы мүмкін

Айта кетейік, биылғы жылы ЖЭО-1 мен ЖЭО-2-дегі бірқатар қазандықтарды газға ауыстыру жоспарланып отыр. Газдандыру процесі үш кезеңге бөлінеді. Барлық тұрғын аудандар кезең-кезеңімен қосылады.

Жаңалықтар
0