Қоғам

Қазақстанда мұғалімдер үшін ұлттық біліктілік тесті басталды

© Sputnik / Абзал КалиевКезекші сыныпта маска және қолғап киіп отырған мұғалім
Кезекші сыныпта маска және қолғап киіп отырған мұғалім - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Коронавирус пандемиясына байланысты біліктілік сынағы уақытша тоқтатылған болатын, 14 қыркүйектен бастап ұлттық тестілеу қайта жанданды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда мектеп мұғалімдері үшін ұлттық біліктілік тесті басталды, деп хабарлайды білім және ғылым министрлігі.

Мұғалімдер үшін біліктілік сынағы 14-29 қыркүйек аралығында өтеді.

"Бүгіннен бастап, яғни 14 қыркүйектен 29 қыркүйекке дейін жалпы білім беру ұйымдарының педагогтері  үшін ұлттық біліктілік тесті басталды", - делінген хабарламада.  

Одан кейін біліктілік сынағын мектепке дейінгі білім беру, қосымша білім беру, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының педагогтері және білім ұйымдарының басшылары тапсырады.

Санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұлттық біліктілік тесті уақытша тоқтатылған болатын.

Айта кетсек, тест тапсырып, біліктілігін растаған мұғалімдерге үстемеақы төленеді.

Жаңалықтар
0