Өңірлер

150 теңгелік анальгин: ауыл дәріханасының иесі 360 мың теңге айыппұлдан босатылды

© Sputnik / Владислав ВодневТаблетки, лекарства, деньги
Таблетки, лекарства, деньги - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұлттық кәсіпкерлер палатасы өкілінің айтуынша, дәріханада дәрі-дәрмектің бір емес, екі түрі 150 теңгеге сатылған және ол рұқсат етілген бағадан аспаған

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Қостанай облысының Әйет ауылындағы дәріхана иесі 360 мың теңге айыппұл төлемейтін болды. Оның мұндай жеңіске жетуіне өңірдегі кәсіпкерлер палатасының заңгерлері көмектесті.

Шілде айында сатып алушылардың бірі дәріханадан 86 теңгелік (85,65 теңге) анальгин дәрісін 150 теңгеге сатып алғанын айтып, учаскелік полиция қызметкеріне шағымданған.

Содан кейін дәріхана иесі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 426-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оған 130 айлық есептік көрсеткіш (361 140 теңге) айыппұл салынды.

"Бірақ, ол ешқандай құқық бұзушылық жасаған жоқ. Уәкілетті органдардың лауазымды тұлғаларының өзі бұл іс құжаттарын рәсімдеу кезінде көптеген процедуралық заңбұзушылықтарға жол берген. Мысалы, хаттама дұрыс толтырылмай, кейбір бағандар бос қалған. Ал сатып алынған дәрі тәркіленбеген. Есесіне, іс құжаттарында мүлдем басқа дәрі-дәрмек көрсетілген", – дейді "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарушы директоры Шыңғыс Темір.

Оның айтуынша, дәріханада дәрі-дәрмектің бір емес, екі түрі 150 теңгеге сатылған және ол рұқсат етілген бағадан аспаған.

"Қостанай облыстық сотының судьясы Владимир Долгихтің бұл істі реттеп қана қоймай, әділ шешім шығарғаны және кәсіпкерлер палатасына әкімшілік процес кезінде Ольга Ведлерді қорғауға мүмкіндік бергені қуантады. Өйткені, соттың алғашқы инстанциясында палата өкілінің іске араласуына рұқсат бермей, айыпталушы қорғану құқығынан айырылған болатын", – деп толықтырды Шыңғыс Темір.

Осылайша, дәріхана иесі айыппұлдан босатылған.

Оқи отырыңыз: Тоқаев дәрі-дәрмек туралы: импортқа тым тәуелдіміз

Айта кетейік, бұған дейін Қостанай облысындағы Бейімбет Майлин ауданының Әйет ауылында дәріхана иесіне 361 140 теңге айыппұл салынғаны жарияланған. Ол жерде дәріхана сатушысы шекті бағасы 149 теңге тұратын анальгинді 150 теңгеден сатқаны айтылған. Дәріхана қожайыны араша сұрап, сотқа жүгінген болатын.

Жаңалықтар
0