20:04 04 Желтоқсан 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR512.10
  • RUB5.63
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
4357 0 0

Бүгінде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Мамандар күн сайын жалпы республика және әрбір аймақ бойынша жағдайды қадағалап отырғаны айтылды

НҰР-СҰЛТАН, 14 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Айжан Есмағамбетова қыркүйектің соңында карантинді күшейтуге қатысты алыпқашпа әңгімені жоққа шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бас санитардың айтуынша, мұндай әңгімені ойдан шығара салады. Мәселен, адамдар жиналып, осы мәселені талқылайды да, біреудің "болжамынан" кейін сыбыс тез тарап кетеді.  

"Мұндай ақпаратқа сенбеңіздер. Мемлекеттік органдардың ақпаратын, яғни ресми мәліметті пайдалануды сұраймыз. Соған сенгеніңіз дұрыс ", - деді Есмағамбетова журналистерге берген сұхбатында. 

Оның айтуынша, бүгінде санитарлық-эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Мамандар күн сайын жалпы республика бойынша, сондай-ақ, әрбір аймақ мен елді мекен бойынша жағдайды қадағалап отырады.  

"Ауруға шалдыққандардың саны азайып келеді. Дегенмен, науқастар әлі анықталып жатыр. Бүгінде ПТР-тесті оң нәтижесі бар коронавирус та, ПТР-тесті теріс нәтиже көрсеткен коронавирус та тіркелуде. Біз жағдайды бақылап отырамыз. Барлық шешім санитарлық-эпидемиологиялық жағдайға қарай қабылданады", - деп атап көрсетті Есмағамбетова.

Айта кетсек, елде індет басталғалы 106 855 адам коронавирус, 29 658 адам пневмониямен ауырды.

Бұған дейін денсаулық сақтау министрлігі егер Қазақстанда коронавирустан емделіп жатқан науқастар саны тәулігіне 30 мыңға жетсе, ең қатаң карантин жарияланатынын хабарлаған болатын.

Тақырып бойынша

Қазақстанда қай кезде ең қатаң карантин жарияланатыны белгілі болды
Бас санитар дәрігер карантин туралы қаулыға өзгеріс енгізді
Қазақстанда қандай инфекциялық аурулар тараған кезде карантин жариялануы мүмкін
Демалыс күндері карантин сақталады – министр
"Тағы карантин жарияланады": Тоғжанов ел арасында тараған сыбысқа жауап берді
Кілт сөздер:
коронавирус, карантин, қыркүйек
Загрузка...

Басты тақырып