04:32 04 Желтоқсан 2021
Тікелей эфир
  • USD436.29
  • EUR492.83
  • RUB5.92
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1185 0 0

Шоқан Уәлиханов атындағы скверге жиналғандар кредиттік амнистия мен шетелдіктерге жерді жалға беруге тыйым салуды талап етуде

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек – Sputnik. Алматыда карантин басталғалы алғаш рет рұқсат етілген митингке жүзге тарта адам жиналды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі оқиға орнынан.

Белсенділер Шоқан Уәлиханов атындағы скверге жиналды. Олар кредиттік амнистия мен шетелдіктерге жерді жалға беруге тыйым салуды талап етіп жатыр. Сондай-ақ, плакаттарда "саяси тұтқындарды босату туралы" талап та бар.

"Бізге митингке шыққандардың саны мыңнан асып кетсе, қалғандарын үйге жіберіп, жиынды заңсыз деп танитынын бірнеше мәрте ескертті. Уақытқа қатысты шектеу мен басқа да кемшіліктер бар. Митинг туралы жаңа заң бейбіт жиналыстарды өткізуге ешқандай әсер еткен жоқ деп санаймын. Өйткені бәрібір де көп талап қойылады", - деді митингті ұйымдастырушы, тіркелмеген Демократиялық партияның лидері Жанболат Мамай.

Ол кредиттік амнистия туралы талапты неге популизм деп санамайтынын айтты.

Тағы оқыңыз: Бұдан былай бейбіт митинг өткізу үшін рұқсат алудың қажеті жоқ – Тоқаев

"Мен ірі банктердің өкілдерімен сөйлесіп, кредитті кешіру мүмкін бе деп сұрадым. Әрине, банктерге бұл тиімсіз. Бірақ, экономикалық тұрғыдан іске асыруға болады. 2008 жылдан бастап бүгінге дейін банктер мемлекеттен 10 триллионнан астам қаржы алды. Бұл ақша қайда? Неге ол ақшаны қайтармайды? Екіншіден, Ұлттық қорда қаражат бар деп айтып жатыр. Президенттің жобаларына екі триллион бөлінеді екен, нақты не үшін екені – жұмбақ. Кредиттік амнистия популизм емес, халық үшін шынайы  көмек", - деп пікір білдірді белсенді.

Мамай президент әкімшілігінің кеңсесіне кредиттік амнистия талабымен жүз мыңға жуық өтініш пен хат жолданғанын мәлімдеді. Алайда жауап әлі келмеген.

Бұған дейін Алматы әкімдігі карантин басталғалы алғаш рет митингке рұқсат бергені хабарланған еді. Қатысушылар санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Бейбіт жиынды өткізу мерзімі – 11.00-ден 14.00-ге дейін.

Тақырып бойынша

Кредиттік амнистияны талап етеді: Алматы билігі митинг өткізуге рұқсат берді
Алматы мен Нұр-Сұлтанда митинг өткізуге арналған орындар белгіленді
Кілт сөздер:
митинг, Алматы
Загрузка...

Басты тақырып