06:48 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
1067 0 0

Nur Otan төрағасының бірінші орынбасары праймериз кезінде "өз" кандидаттарына дауыс бергізу мақсатында партияға мәжбүрлеп кіргізу жайлы арыздар көбейіп кеткенін хабарлады

АЛМАТЫ, 11 қыркүйек – Sputnik. Nur Otan партиясына жаңа мүшелерді қабылдау 2020 жылдың 4 қазанына дейін тоқтатылды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Айтуынша, бүгін праймериз өткізу жөніндегі Орталық ұйымдастыру комитетінің отырысында "Nur Otan" партиясына жаңа мүшелер қабылдауды 2020 жылдың 11 қыркүйегінен 4 қазанға дейінгі аралықта тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Себебі осы аралықта праймериз бойынша үміткерлерге дауыс беріледі.

"Кейінгі кезде бізге жекелеген азаматтардан "өз" кандидаттарына дауыс бергізу мақсатында партияға мәжбүрлеп кіргізу туралы арыздар түсуде. Бұған мүлдем жол беруге болмайды деп есептеймін. Мұндай әрбір фактіні түрлі деңгейдегі партиялық бақылау комиссиясы жан-жақты қарайтын болады", - деп жазды Бауыржан Байбек Facebook парақшасында.

Ол партияға мүше болу еліміздің әрбір азаматының ерікті және өзіндік таңдауы екенін айтып өтті. Айтуынша, бірінші тамыздан бері Nur Otan партиясына 25 мыңдай жаңа белсенді азамат мүшелікке өтті. Сондай-ақ, партияластар қатарын тазарту мақсатында партиядан 256 мың адам шығарылды. Ал қазір партия құрамында 835 мың қазақстандық бар.

Бауыржан Байбек праймеризде онлайн дауыс берудің айқындығын қамтамасыз ету үшін арнайы растау (верификация) жүйесі пайдаланылатынын айтты.

Назарбаев: партия қазақстандықтарды біріктіруі тиіс

"Жүйенің принципі  – "бір дауыс, бір ЖСН, бір мобильді нөмір және бір IP-адрес". Егер осы деректердің бірі сәйкес келмесе, онда адам "праймериз" ақпараттық жүйесіне тіркеле алмайды, яғни дауыс бере алмайды. Мұның барлығы түрлі айла-шарғыға, бұрмалаушылықтарға, сондай-ақ ықтимал жаппай дауыс беруге жол бермеу мақсатында істеліп отыр", - деп атап өтті Байбек.

Сонымен қатар тәртіп бұзу фактілері бойынша 8 (800) 080 4441 (қоңырау соғу тегін) жедел желісіне немесе komek@nurotan.kz электронды поштасына хабарласуға болады.

Тақырып бойынша

Nur Otan праймеризі: Байбек қауіпсіздік шаралары туралы хабарлады
Президент жолдауының толық мәтіні жарияланды
Бауыржан Байбек Елбасының шешімін жария етті
Кілт сөздер:
"Нұр Отан" партиясы, Бауыржан Байбек
Загрузка...

Басты тақырып