Қоғам

Депутаттар "отбасылық оқытуды" заңмен бекітуді қарастыруда –  хоумскулинг қандай болады 

© Sputnik / Абзал КалиевДистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками
Дистанционное обучение. Школьники перед ноутбуками - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Министрдің пікірінше, кейбір балалардың үйіне барып білім беруде мұғалімдер үшін қашықтан оқыту тиімді

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Парламент мәжілісінің депутаттары Қазақстанда хоумскулингті енгізу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан тілшісіне сұхбат берген білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

"Хоумскулингтің классикалық түсінігіне келетін болсақ, қазіргі кезде бұл мәселе депутаттардың жұмыс тобында қаралып жатыр. Сәл шыдай тұрайық, көрейік, депутаттар қарап болсын. Сол кезде тиісті норма қабылданатын болады", – дейді Аймағамбетов.

Министрдің айтуынша, қашықтан оқытуды басқа жағдайда қолдануға да болады. Мысалы, бүгінде сан алуан ауруларға шалдыққан балалар бар. Олардың саны аз емес.

"Қазіргі тәртіп бойынша оларды былай оқытады: ондай бала үйде отырады. Ал мұғалім оның үйіне барып, сабақ өткізеді. Біздіңше, осындай жағдайда интернет платформаларды қолдануға болады. Мектепке бара алмайтын балалар осы әдіспен білім ала алады", – дейді Аймағамбетов.

Боранды күні де білім алуды жалғастыруға болады

Бұдан бөлек, жыл сайын ауа райының қолайсыздығына байланысты оқушылар мектепке бармай, үйде отырады. Қалада болсын, ауылда болсын, ондай жағдайлар көп. Осындайда қашықтан оқыту форматын қолдануға болады.

"Әсіресе, қыста шалғай ауылдарда, тіпті, қалаларда ауа-райының қолайсыздығына байланысты оқушылардың мектепке апталап бармайтын кездері болады. Биыл да ондай жағдайлар көп болды, сабақты өткізбеуге тура келді. Негізі, осы уақытта балалар қашықтан оқи алады. Синхронды емес, бейсинхронды форматта білім беруге болады. Ондайда тақырыптық жоспар бойынша тиісті тапсырмалар орындалады. Меніңше, осындай жағдайларда қашықтан білім беру керек", – деп атап көрсетті Аймағамбетов.

"Хоумскулинг" сөзі ағылшынның "home" және "school" сөзінен тұрады. Негізгі мағынасы – "отбасылық оқыту". Ондайда оқушылар өз қалауымен немесе ата-аналардың шешімімен мектеп бағдарламасын үйде меңгереді. Ал мектепте аттестациядан өтіп, емтихан тапсырады. Бүгінде отбасылық оқыту әлемнің 45 мемлекетінде заңмен бекітілген. Олардың ішінде Ресей, АҚШ пен Еуропа бар.

Денсаулық министрлігі қашықтан оқуды құптайды

Айта кетейік, денсаулық сақтау министрлігі қашықтан білім беру форматын бірінші тоқсанның аяғына дейін сақтауды ұсынды. Себебі, тұмау мен ЖРВИ-дің маусымы кезінде коронавирустың екінші толқыны басталады деген қауіп бар.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, жаңа оқу жылы басталғалы бері коронавирустық инфекцияның инкубациялық кезеңі, яғни 14 күн де өткен жоқ. Оған қоса, ЖРВИ пен тұмау маусымы жақындап келеді. Сол себепті бірінші тоқсанда қашықтан оқыту форматын сақтауға қатысты ұсыныс жасалды.

Оқи отырыңыз: Цой балалар қай жастан кейін коронавирусты жылдам тарататынын айтты 

Қазіргі кезде бізде жеңілдету шаралары қарастырылып жатыр. Бірақ бұның барлығы кезең-кезеңімен қолға алынатын болады.

 

Жаңалықтар
0