22:04 19 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD428.05
  • EUR501.20
  • RUB5.47
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
753 0 0

Қазіргі уақытта ауруханалардағы төсек-орынның 15 проценті ғана бос емес, елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деді министр

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Ауруханалардағы төсек-орын қорының 70 проценттен астамы науқастарға толса, Қазақстанда қатаң карантин енгізіледі. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Онлайн баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдері министрден қатаң карантин жариялауға негіз болатын критерийлерді атауды сұрады.

"Ауруханалардағы төсек-орын қорының 70 пайыздан астамы толса, өте қиын сәт туады. Сол кезде қатаң шектеу шараларын енгізу арқылы денсаулық сақтау министрлігіне қолдау көрсетілуі тиіс", - деді Цой.

Ал қазір, оның айтуынша, төсек-орын қорының тек 15 проценті ғана бос емес. Елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Дәрі-дәрмек жеткілікті, деп сендірді ведомство басшысы.

"Егер коронавирус дәл қазіргідей өтсе, біз онымен өмір сүре аламыз және бұл тұрақты процеске айналады", - деді министр.

Оқи отырыңыз: Цой балалар қай жастан кейін коронавирусты жылдам тарататынын айтты

Загрузка...

Басты тақырып