08:44 27 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.59
  • EUR507.30
  • RUB5.62
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1664)
3648 0 0

Денсаулық сақтау министрлігі бірінші тоқсанда қашықтан оқыту форматын сақтауды ұсынып отыр. Себебі коронавирустың екінші толқыны басталады деген қауіп бар

НҰР-СҰЛТАН, 10 қыркүйек – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қашықтан білім беру форматын енгізудің негізгі себептерін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біріншіден, наурыз айынан бері елімізде карантин мен адамдардың қарым-қатынасын барынша азайту шаралары қолға алынса да, 2 418 бала коронавирус инфекциясын жұқтырды. Олардың 98 проценті жазылып шықты. 34 бала әлі емделіп жатыр. Демек, жабық ұжымдардың ішінде инфекция таралу деңгейі жоғары", - деді Цой орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Министрдің айтуынша, 12 жасқа дейінгі балалар инфекцияны көп таратпайды. Дегенмен, ондай оқиғалар бар. Ал 12 жастан асқан балалар вирусты тез таратады. Ондайда отбасы мүшелеріне, әсіресе, үлкен адамдарға қауіп төнеді. Бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі және қашықтан оқыту форматын енгізудің екінші себебі.

"Үшіншіден, мектептерде термометрия, арақашықтық, бетперде тағу, балалардың қозғалысын шектеу, сыныптағы оқушылар санын азайту сияқты шаралар қолға алынса да, бұның барлығын қатаң сақтап жүру оңай емес. Әсіресе, бастауыш сынып оқушыларын ұзақ уақыт бір жерде ұстау қиын. Ал жабық нысандарда адамдар көп жиналса, вирустың таралу қаупі күшейеді", - деп атап көрсетті Цой.

Айта кетсек, бүгінде денсаулық сақтау министрлігі бірінші тоқсанда қашықтан оқыту форматын сақтауды ұсынып отыр. Себебі коронавирустың екінші толқыны басталады деген қауіп бар. Оған қоса, ЖРВИ мен тұмау маусымы жақын. 

Қазіргі кезде шектеу шараларын жеңілдету шаралары қарастырылып жатыр. Бірақ бұның бәрі кезең-кезеңімен жасалатын болады.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1664)

Тақырып бойынша

COVID-19 бен тұмауды бір уақытта жұқтыру қаупі бар ма – инфекционист жауабы
ДДҰ коронавирус туралы: бұл соңғы пандемия емес
Қазақстанда өткен тәулікте 86 адам коронавирус жұқтырды
Денсаулық министрі қашықтан оқыту туралы: бірінші тоқсан осы форматта өтеді
Қашықтан оқытуға 70 млн доллар бөлінгені рас па - Аймағамбетов жауап берді
Кілт сөздер:
балалар, денсаулық сақтау министрлігі, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып