Қоғам

Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасына тапсырма берді

© Photo : Ақорда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевты қабылдады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевты қабылдады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Берік Имашев мемлекет басшысын жергілікті мемлекеттік басқару органдарының сайлау науқанының тәжірибесімен таныстырды    

НҰР-СҰЛТАН, 8 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Имашев Тоқаевқа биыл 12 тамызда өткен парламент сенатының депутаттарын сайлау қорытындысы туралы баяндады.

Сонымен қатар, кездесу барысында Қазақстанның сайлау органдарының пандемия жағдайында сайлау өткізудің алғашқы тәжірибесі және сайлауға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін санитарлық қызметтермен бірлесіп өткізілген шаралар кешені талқыланды.

Орталық сайлау комиссиясының төрағасы мемлекет басшысын жергілікті мемлекеттік басқару органдарының сайлау науқанының тәжірибесімен таныстырды.  

Тағы оқыңыз: Ауыл әкімдерін халық сайлайды – Тоқаев

Тоқаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.

Қазақстан президенті өз жолдауында келесі жылы бірқатар ауыл әкімінің құзіреті аяқталатынын атап өткен еді. Тоқаевтың пікірінше, 2021 жылы ауыл әкімдерінің сайлауын өткізуге болады.

Жаңалықтар
0