17:47 19 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (878)
92 0 0

Әлеуметтік желі арқылы түскен хабарламаға полиция қызметкерлері дер кезінде жауап беріп, шұғыл шара қолданған

НҰР-СҰЛТАН, 7 қыркүйек – Sputnik. Алматы қаласының тұрғыны әр аптаның жұма немесе сенбі күні түнде үйінің төбесінде шулы кеш өтетінін айтып шағымданған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қала тұрғындарының бірі Facebook-тегі парақшасында Алмалы аудандық полиция басқармасының ресим парақшасын тегтей отырып, өз шағымын жариялады.

"4 қыркүйек күні 23.15 шамасында Байзақов көшесіндегі 170 үйдің шатырында би кеші өтті. Аптаның әр жұма немесе сенбі күні түнде 9 қабатты үйдің шатырында дискотека ұйымдастырылады. Музыка үні бүкіл ауданымызды даңғазаға аайналдыруда. Шара қолдануыңызды сұраймын", – деп жаған Жанна Полевая есімді тұрғын.

Әлеуметтік желі арқылы түскен мұндай хабарламаға полиция қызметкерлері дер кезінде жауап беріп, шұғыл шара қолданған. Тіпті, тәртіп бұзушыларды анықтап, айыппұл да салған. 

"Шағым түскен бойда Алмалы аудандық полиция қызметкерлері шұғыл шара қолдануға кірісті. Байзақов көшесіндегі 170 үйдің шатырын тексеру нәтижесінде, тәртіп бұзушылыққа жол берілгені анықталды. Олар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 440-бабы ("Алкогольдік ішімдіктерді iшу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу) бойынша жауапқа тартылып, айыппұл салынды ", – деп жауап жазған полиция басқармасының басшысы Есен Ысқақов.

Оқи отырыңыз: "Шаруаларың болмасын": 65 жастағы алматылық әжей неге түнгі клубта өнер көрсетіп жүр?

 

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (878)

Тақырып бойынша

"Сантехник болып, трактор айдадым". Әншілер өнерге келмес бұрын не істегенін айтты
Хэллоуин кешінде тағы төтенше жағдай: астаналық қызды жедел жәрдем алып кетті
Айжан Байзақова Zakova клубының жабылғанын хабарлады
"Жоғарыдан хабарласты": Қарағандыда тұрғындар далаға дискотекаға шықты – видео
"Маскүнеммен шатастырды". Сал ауруына шалдыққан қыз өкпесін айтты
Кілт сөздер:
Алматы, билеу, тәртіпсіздік
Загрузка...

Басты тақырып