16:51 19 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
3129 0 0

Ол банк бөліміндегі немесе үлкен сауда үйлеріндегі банкоматтарды қолдануға кеңес берді. Өйткені ол жерде бейнебақылау жүргізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 6 қыркүйек — Sputnik. Алаяқтар техникалық немесе әлеуметтік тәсілді пайдаланып, банкомат арқылы ақша ұрлауы мүмкін. Мәселен, банкомат клавиатурасына карта мәліметін оқитын қосымша құрылғылар қойылады.

"Әлеуметтік тәсілге карта пин-кодын көріп алу сынды қитұрқы әрекетті жатқызуға болады. Сондай-ақ, алаяқтар картаны әдейі банкоматта қалдырып кетіп, кейін ақша жоғалды деп басқа адамды кінәлауы мүмкін", - деп жазады "Прайм" ақпараттық қауіпсіздік компаниясының өкіліне сілтеме жасап.

Маманның айтуынша, олар оқиға "куәгерін" тауып алған сыңай танытып, банкоматқа келген адамнан ақшаны қайтаруды талап етуі де ғажап емес. 

Сондықтан сарапшы, бірінші кезекте, банк бөліміндегі немесе үлкен сауда үйлеріндегі банкоматтарды қолдануға кеңес берді. Өйткені ол жерде бейнебақылау жүргізіледі. 

Банкоматқа пин-код енгізген кезде ешкімге көрсетпеу керек. Егер айналада адам көп болса, клавиатураны қолмен жабуға болады.

Операция бастамас бұрын "Болдырмау" немесе "Cancel" батырмасын басу қажет. Мұның көмегімен бұған дейінгі операцияларды болдырмайсыз. Экранда банктің басты беті шығуы тиіс. Сондай-ақ, NFC-модульді технологияны қолданған жөн.

Тақырып бойынша

Маман банк картасымен қай жерде төлем жасау қауіпті екенін айтты
Маман қыркүйек айына болжам жасады: қазақстандықтарды не күтіп тұр?
Ақша жоғалып кетуі мүмкін – маман QR-код қаупі туралы айтты
Зейнетақы қорындағы ақша емделуге қалай берілетіні жарияланды
Қазақстандық жігіт ноутбуктің көмегімен банкомат тонаған
Кілт сөздер:
ақша, банкомат, алаяқтық
Загрузка...

Басты тақырып