07:46 28 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.75
  • EUR507.45
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Президент жолдауы - 2020 (51)
193 0 0

Премьер-министрдің айтуынша, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеп, экономиканың барлық саласын барынша цифрландырған жөн

НҰР-СҰЛТАН, 2 қыркүйек – Sputnik. Мемлекет басшысының 1 қыркүйектегі жолдауын іске асыру жөніндегі жалпыұлттық жоспар бір апта ішінде дайындалып, президенттің қарауына енгізіледі. Бұл туралы премьер-министр Асқар Мамин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Президент жолдауының барлық бағытын іске асыру бойынша Жалпыұлттық жоспар жасалады. Мемлекеттік органдарға жалпыұлттық жоспарға қатысты ұсыныстарын 4 қыркүйекке дейін ұлттық экономика министрлігіне енгізуді тапсырамын. Келесі отырыста (аптаның әр сейсенбісі – Sputnik ескертпесі) мемлекет басшысының бекітуіне енгізу үшін жалпыұлттық жоспардың жобасын қарастырып, мақұлдауымыз керек", – деді Мамин үкімет отырысында.

Ол жолдауды толық және уақытылы жүзеге асыруға қажетті ресурстар мен құралдар бар екенін атап өтті.

"Қазіргі жағдай бізден нақты және үйлесімді қадамдарды талап етеді. Халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін экономиканы одан әрі дамыту бойынша үлкен міндеттер жүктелді. Жолдаудағы тапсырмаларды орындау бәсекеге қабілетті нақты секторды белсенді дамытуды және экспорт құрылымын әртараптандыруды қамтамасыз етеді", – деді премьер.

Маминнің айтуынша, қазақстандық үлесті арттыруға қатысты жаңа ұсыныстар дайындап, агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағдарламасын әзірлеу қажет. Экономиканың барлық саласын барынша цифрландырған жөн.

Сонымен қатар, бюджеттен тыс қорларды ескере отырып, "кеңейтілген бюджетті" енгізу керек.

Оқи отырыңыз: Стратегиялық жоспар жаңа экономикалық сын-тегеуріндерге жауап болады – Мамин

Үкімет басшысы халықтың баспаналы болуы, отбасылық-демографиялық жағдай, қолайлы экология, қолжетімді және сапалы білім беру мен денсаулық сақтау жүйелері басты назарда болатынын айтты.

Мұғалімдер мен дәрігерлерге, ғылым өкілдеріне жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Тақырып:
Президент жолдауы - 2020 (51)

Тақырып бойынша

"Экономикалық ахуал күрделі": қаржы министрі алдағы жоспар туралы айтты
Үкімет қазақстандықтардың табысын өсіретін жалпыұлттық жоспар қабылдады
Үкімет экономикалық өсімді қалпына келтіру бойынша кешенді жоспар әзірледі
Үкімет басшысы экономиканы жаңғырту жөніндегі комиссия отырысын өткізді
Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді – үкімет басшысы
Кілт сөздер:
үкімет, жоспар, Жолдау 2020
Загрузка...

Басты тақырып