Қоғам

Ата-аналар баланың білімі үшін ваучермен төлейді – Тоқаев ұсыныс жасады

© Sputnik / Игорь Зарембо / Медиабанкке өтуДети в масках изучают ПДД
Дети в масках изучают ПДД - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттің айтуынша, жеке бизнесті кеңінен тарту арқылы балабақшаларды қаржыландырудың жаңа тетіктерін қарастырған жөн

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мектепке дейінгі білім беруге қатысты маңызды тапсырма берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізге баланы мектепке дейін жан-жақты дамыту мәселесін шешу керек. Осы орайда, 2025 жылға дейін 6 жасқа толмаған балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 процент қамтуды тапсырамын", – деді Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында.

Президенттің айтуынша, мемлекеттік балабақшалардың құрылысымен бұл мақсатқа жету мүмкін емес. Сондықтан жеке бизнесті кеңінен тарту қажет. Жекеменшік балабақшаларды қаржыландырудың жаңа тетіктерін қарастырған жөн.

"Соның ішінде қаржыландырудың ваучерлік механизмін де қарастыру қажет. Ата-аналар кез келген балабақшаны, я болмаса, мектепті таңдап, мемлекеттен берілген ваучермен есептесе алады", – деп атап көрсетті Тоқаев.

Оқи отырыңыз: Ұстаздардың еңбекақысы екі есеге артады – мемлекет басшысы

Жаңалықтар
0