Қоғам

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап не өзгереді

© Sputnik / Владислав ВодневҚазақстандық бүлдіршін
Қазақстандық бүлдіршін - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қашықтан оқыту форматы, тіркелмеген армян көліктерінің иелеріне салынатын айыппұл, Египетке рейстер – осы және де басқа да өзгерістер туралы Sputnik Қазақстан шолуынан оқыңыз

НҰР-СҰЛТАН, 1 қыркүйек – Sputnik. Күздің бірінші айында қазақстандықтардың өмірінде біраз өзгеріс болады.

Оқушылар қашықтан білім алады

Коронавирус пандемиясына байланысты Қазақстан тарихында алғаш рет жаңа оқу жылы балалар үшін мектеп қабырғасында емес, үйде басталады. Десе де, жылдағыдай мектеп партасына отыратындар да аз емес. Шалғай ауылдардағы шағын мектептер мен бастауыш сыныптардың кейбір оқушылары білім ошағына барып білім алады.

Ірі қалаларда 1-4 сынып оқушылары үшін ата-аналардың өтінішімен мектептерде кезекші сыныптар ашылады.  Әр сыныпта бала саны 15-тен аспайды. Оқушылар мен мұғалімдер маска киюге міндетті.

Мұғалімдерге кезекші сыныптар үшін қосымша ақы төленеді.

Студенттер де үйден оқиды

Барлық студент үшін жаңа оқу жылы 1 қыркүйектен бастап қашықтан оқыту форматында басталады.

Тағы оқыңыз: Қашықтан оқыту баланың оқу үлгерімін төмендете ме – министрдің жауабы

Жаратылыстану ғылымдары, техникалық, ауыл шаруашылығы, денсаулық сақтау және өнер сияқты бағыттар бойынша оқытудың аралас форматы көзделген. Дәрістер мен семинарлар онлайн-форматта өтеді. Зертханалық, практикалық және студиялық сабақтар кампус аумағында қазан айынан кейін басталады. 

Ал магистранттар 14 қыркүйектен бастап оқуға кіріседі.

Докторанттар үшін де оқыту 1 қыркүйектен қашықтан жүргізіледі.

Жаңа бағалау жүйесі

1 қыркүйектен бастап оқушыларға баға 10 балдық жүйе бойынша қойылады.

Жаңа бағалауға сәйкес: 1-3 балл – "нашар"; 4-5 балл – "қанағаттанарлық"; 6-7 балл – "жақсы" және 8-10 балл – "өте жақсы".

Армян көліктерінің жүргізушілеріне айыппұл салынады

1 қыркүйекте Қазақстанға Арменияда тіркелген және сол елден әкелінген автокөліктерді тіркеу аяқталады.

Тағы оқыңыз: Жаңа оқу жылында оқушылар үшін сабақ 30 минуттан аспайды

Қыркүйекке дейін темір тұлпарын тіркемеген жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Ал көліктерді айыппұл тұрағына қоюы мүмкін.

Sputnik Қазақстанға ішкі істер министрлігінен хабарлағандай, 1 қыркүйектен бастап тіркелмеген автокөліктерді анықтау жұмысы жалғасады. Заң бұзғандарды 10 АЕК (27 780 теңге) айыппұл күтіп тұр.

Қазақстан мен Египет арасындағы әуе қатынасы жанданады

Қазақстандықтар 12 қыркүйектен бастап Египетке ұша алады. Бұл туралы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Египетке рейстер осы жылдың 12 қыркүйегінен бастап Алматы – Шарм-эль-Шейх бағыты бойынша қайта жалғасады деп жоспарланған.

Жаңалықтар
0