Қоғам

Қашықтан оқыту баланың оқу үлгерімін төмендете ме – министрдің жауабы

© Sputnik / Юрий Стрелец / Медиабанкке өтуМектеп оқушылары, архивтегі сурет
Мектеп оқушылары, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Асхат Аймағамбетов елордадағы №73 мектеп-лицейінде болды, білім ошағы 1 қыркүйектен бастап оқушыларды кезекші сыныптарға қабылдайды

НҰР-СҰЛТАН, 31 тамыз – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Нұр-Сұлтандағы №73 мектеп-лицейіне барды. Мектепті аралау барысында ол қашықтан оқыту режиміне ауысу оқушылардың үлгеріміне әсер ете ме деген сауалға жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Біз төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша үлкен талдау жүргіздік. Қазір де бұл жұмыс жалғасуда. Онлайн оқытуды дәстүрлі форматпен салыстырып жатқан жоқпыз. Біздің міндет – бұл айырмашылықты барынша жою. Мәжбүрлі қашықтан оқыту кезінде білім сапасын түсірмеу. Біз қазір дәл осымен айналысып жатырмыз", - деп жауап берді министр.

Аймағамбетов педагог ретінде өзі де және әріптестері де дәстүрлі оқыту форматын құптайтынын атап өтті.

© Sputnik / Айгюзель КадирБілім министрі Асхат Аймағамбетов №73 мектеп-лицейінде болды
Қашықтан оқыту баланың оқу үлгерімін төмендете ме – министрдің жауабы - Sputnik Қазақстан
Білім министрі Асхат Аймағамбетов №73 мектеп-лицейінде болды

"Мектептердің ашылуын бәріміз тағатсыздана күтіп жүрміз. Бірақ, сіздер білесіздер, қазір жағдай басқа. Балалардың да, мұғалімдердің де денсаулығы мен қауіпсіздігі – басты орында", - деп жалғастырды ол.

Оқу үлгерімінің төмендеп-төмендемеуі бірнеше факторға байланысты, деп нақтылады министр.

Тағы оқыңыз: Көпбалалы ана жаңа оқу жылы туралы: бес балам бір телефон қолданады

"Мұғалімдер жетіспейтін мектептер бар. Бір ұстаз 3-5 пәннен сабақ береді. Біз талдау жүргізген кезде, қашықтан оқыту форматы, керісінше, балалардың оқу үлгерімін жақсартып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашқанын байқадық. Үлгерім төмендеген жағдайлар да жоқ емес. Мұның бәрі оқу процесінің ұйымдастырылуына, соның ішінде педагогке де байланысты. Бұл жұмыс дұрыс әрі тиісті деңгейде жолға қойылса, онлайн оқу мен дәстүрлі оқыту арасындағы айырмашылық барынша азаяды", - деді Аймағамбетов.

© Sputnik / Айгюзель КадирКезекші сыныптарға дайындалған кабинеттер
Қашықтан оқыту баланың оқу үлгерімін төмендете ме – министрдің жауабы - Sputnik Қазақстан
Кезекші сыныптарға дайындалған кабинеттер

Дәстүрлі оқыту бұл тек ақпарат пен білім беру ғана емес, балалар мен мұғалімдер арасындағы қарым-қатынас. Бұл белгілі бір мәдениет, әлеуметтенуді қамтиды, деп толықтырды министрлік басшысы.

"Ал мұны қашықтан оқыту арқылы үйрету өте қиын. Сол себепті біз аралас оқыту формасын таңдадық. 1-4 сынып оқушыларының 60%-ке жуығы дәстүрлі форматта оқиды", - деп түйіндеді сөзін министр.

Үкіметтің шешімімен биыл жаңа оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады. Тек шалғай ауылдарда шағын жинақты мектептер мен бастауыш сынып оқушылары мектепке барып оқиды.

Жаңалықтар
0