Қоғам

Білім басқармасы кезекші сыныптарға қойылатын талапты тізіп берді

© Sputnik / Абзал КалиевУчитель в маске и перчатках в дежурном классе
Учитель в маске и перчатках в дежурном классе  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кезекші сыныптардың жұмысы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылатын болады

АЛМАТЫ, 31 тамыз – Sputnik. Алматыда 1 қыркүйектен бастап 1-2 сыныптардың 193 кезекші тобы ашылады, онда 1 977 бала оқитын болады. Бұл туралы Алматы қаласы білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Барлық мектеп санитарлық қауіпсіздік үшін дезинфекция құралдарымен толықтай қамтамасыз етілді. Термометрлер, санитайзерлер, дезинфекциялық тоннельдер мен кілемшелер бар", - деді Жылқыбаева.

Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мектептерді санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталуын тексеру бойынша жұмыстар жүргізеді. Кезекші сыныптардың жұмысы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып жүзеге асырылатын болады. Кезекші сыныпта оқуға созылмалы аурулары бар балалар жіберілмейді.

Балалардың ата-анасы немесе заңды өкілі оқушыны санитарлық қауіпсіздік құралдарыме нқамтамасыз етеді. Оның ішінде бетперде, қолды өңдеуге арналған жеке құтыдағы антисептик немесе бактерияға қарсы дымқыл салфеткалар бар. Сонымен қатар балаларға әлеуметтік арақашықтықты сақтау туралы түсіндіріледі, ата-аналар баласын мектептің сыртқы есігіне дейін алып кіреді және оқу күні аяқталғаннан кейін сол жерден алып кетеді.

Сонымен қатар білім алушылар мен педагогтар басқа қызметкерлермен байланысты барынша қысқартып, мектеп алаңдарын пайдалану кезінде  әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз етуге мән беріледі. Әр сыныпқа жеке кабинет бөлінеді, сол жерде ғана оқитын болады. Әрбір сынып үшін жеке үзіліс уақыты белгіленеді. Оқушылардың температурасы күн сайын өлшенетін болады. Әр ауысым сайын мектеп дезинфекцияланады. 

Айта кетейік, баласының кезекші сыныпқа баруы үшін ата-ана мектеп директорының атына өтініш беруі керек. Оны кез келген байланыс құралы арқылы сынып жетекшісіне жібере алады.

Басты талап – санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтау. Сол себепті кезекші сыныпта 15 баладан артық болмайды. Әр партада бір бала отырады. Сабақ 40 минуттан аспайды.

Жаңалықтар
0