Қоғам

Желіде "Қара бүркіт" колониясының бастығы ұсталған сәт түсірілген видео тарады

© AFP 2024 / Sebastian Kahnert / POOLАрест, наручники
Арест, наручники - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Пара алды деген күдікке ілінген "Қара бүркіт" колониясының бастығы ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлерінен қашып кетуге тырысқан

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. Өмір бойына бас бостандығынан айырылғандар жазасын өтейтін УК-161/3 (ел аузында "Қара бүркіт" атымен танылған) колониясының бастығын ұстау кезінде, ол қашып кетуге тырысқан. Тұтқындау сәті түсірілген видео әлеуметтік желілерде таралды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Видеода қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жоғары лауазымды шенеунігінің көлігі не себепті тоқтатылғаны түсіндіріліп жатқаны көрінеді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Almaty/Astana🇰🇿 (@megapolis.kz)

Алайда, әңгіме барысында бейнежазба кейіпкері қасында тұрған қызметкерлерді итере бастайды. Содан кейін камуфляж киген күдікті адамдардың арасынан сытылып шығып, қаша жөнеледі. Ол жүгірген бойы ғимарат артына жасырынуға тырысқанымен қуғыншылар оны ұстап алады.

Оқи отырыңыз: "Қара бүркіт" колониясының басшысы ұсталды: істің мән-жайы белгілі болды

Айта кетейік, бұған дейін қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкері 700 мың теңге көлемінде параның екінші бөлігін алғаны үшін ұсталғаны хабарланған. Жалпы сомасы миллион теңгені құрайтын пара мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталушыға қамқорлық көрсетуге бағытталған көрінеді.

Жаңалықтар
0