Қоғам

Ел-жұртқа масқара болған полицейлерді ішкі істер министрлігі іздеп жатыр – видео

© SputnikПолиция Казахстана. Архивное фото
Полиция Казахстана. Архивное фото  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тәртіп сақшылары қаңғыбаспен алдын ала келісіп алып, "рұқсат етілмеген уақытта арақ саттың" деп дүкен сатушысына айыппұл салмақ болған

НҰР-СҰЛТАН, 29 тамыз – Sputnik. Кәсіпкерді қақпанына түсірмек болған екі полицей масқара болды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде таралып кетті.

Қаңғыбаспен алдын ала келісіп алған тәртіп сақшылары "рұқсат етілмеген уақытта арақ саттың" деп дүкен сатушысына айыппұл арқалатпақ болыпты. Алайда айласын асырмақ түгілі, басы бәлеге қалды, деп хабарлады КТК.

"Осындайдың керегі не?! Арамзалық, масқара ғой! Егер менде камера болмаса, айыппұл салып кететін еді. Сотта да оны дәлелдей алмайсың. Біздің не жазығымыз бар? Бала-шағамызды асырап отырмыз", - дейді дүкен иесі.

Таспада көрініп тұрғандай, автотұраққа тоқтаған көліктердің бірінен қолында сөмкесі бар қаңғыбас еркек түседі. Содан дүкенге кіріп арақ сұрайды. Алайда әлі таңғы уақыт болғандықтан, сатушы оған арақ сатпайды. Біраз тұрған соң, маскүнем далаға шығып кетеді. Осы уақытта қаңғыбас түскен көліктен екі полицей де шығады. Бірі тоқтап, қаңғыбаспен сөйлесіп тұрады. Ал екіншісі айналып барып, бірден дүкенге кіреді. Артынша қалған екеуі кіреді.

Кәсіпкердің айтуынша, бірінші кірген полицей бірден "рұқсат етілмеген уақытта арақ саттың" деп дүкен иесін қыспаққа ала бастапты. Сөмкесінде жатқан арақты көрсетіп, маскүнем де сақшының сөзін растайды. Алайда дүкен ішінде де камера орнатқан кәсіпкер өзінің арақ сатпағанын көрсетіп құтылады.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 26 экс-полицей сотталып кетті – олар қандай қылмыс жасады 

Айласы аспай қалғанына көзі жеткен екеу маскүнемді ертіп, қайтадан бір көлікке мініп кетеді. Бұл жағдай үш күн бұрын болған екен.

Қулық жасап тұрған жерінен бейнебақылау камерасына түсіп қалған полиция қызметкерлерін ішкі істер министрлігі іздестіріп жатыр.

Жаңалықтар
0