Қоғам

Қазақстан мен Ресей коронавирусқа қарсы вакцинаны жеткізу туралы келісімге қол қойды

© Пресс-служба АФК "Система" / Медиабанкке өтуПроизводство вакцины от COVID-19 на фармацевтическом заводе "Биннофарм"
Производство вакцины от COVID-19 на фармацевтическом заводе Биннофарм - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қауіп тобына кіретін қазақстандықтар үшін вакцинациялау тегін және ерікті негізде жүргізіледі, екпе барлық клиникалық сынақтан өткеннен кейін жеткізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 26 тамыз – Sputnik. Қазақстандық делегацияның Мәскеуге жасаған сапары барысында ресейлік вакцинаны жеткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді, деп хабарлады Primeminister.kz сайты.

"Ресейдің тікелей инвестициялар қоры мен "СҚ-Фармация" арасында "Спутник V" вакцинасының кепілдік берілген көлемін сынақтардың барлық сатысынан өткеннен кейін бөлу туралы келісімге қол қойылды", - делінген ресми хабарламада.

Қазақстан үшін вакцинаның қажетті көлемін Н.Ф. Гамалея атындағы эпидемиология және микробиология ұлттық зерттеу орталығы жасап беруге дайын.

"Бұл ретте, қауіп тобына кіретін қазақстандықтар үшін вакцинациялау тегін және ерікті негізде жүргізіледі және ол барлық клиникалық сынақтан өткеннен кейін ғана мүмкін болады", - делінген сайтта.

Айта кетейік, қазақстандық делегацияны премьер-министрдің орынбасары Роман Скляр бастап барды. Сапар аясында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен РФ денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашконың арасында келіссөздер өтті.

Жаңалықтар
0