12:32 24 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.91
  • EUR506.90
  • RUB5.60
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
78 0 0

"Достастық жұлдыздары" ғылым және білім, мәдениет және өнер, гуманитарлық қызмет саласындағы жетістіктер үшін беріледі

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық музыкалық драма театрының көркем жетекшісі, кино және театр режиссёрі Талғат Теменов "Достастық жұлдыздары" мемлекетаралық сыйлығының лауреаты атанды. 

"Бұл сыйлық ТМД кеңістігінде мәдениет және мәдени мұра саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал ететін шығармашылық жұмыстар мен туындылар арқылы мәдениет пен өнерге қосқан зор үлес үшін ұсынылады. Талғат Досымғалиұлын осы сүбелі жетістігімен шын жүректен құттықтаймын және барша бастамаларына сәттілік тілеймін!", - деп жазды мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Facebook парақшасында.

Теменов бұл жаңалықты естігенде Мәскеу қаласында болған. 

"Әрине, қатты толқыдым. Қазақ киносы мен ұлттық театр өнері шетелде жоғары бағаға ие болғаны қуантады. Бұл менің ғана қуанышым емес, барша Қазақстанның жетістігі", - деді режиссер.

Бұл сыйлықты ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастық кеңесі және мемлекетаралық қоры тағайындаған. "Достастық жұлдыздары" ғылым және білім, мәдениет және өнер, гуманитарлық қызмет саласындағы жетістіктер үшін беріледі. 

Тағы оқыңыз: Қазақстан театрлары - интерактивті карта

Тақырып бойынша

Режиссер Талғат Теменов Тоқаевқа ұсыныс айтты
"Бұлардың істеп жүргені - мазақ": Ермек Тұрсынов ашық сұхбат берді
Белгілі режиссер Ақан Сатаев тұңғышын ұзатты – фото 
"Қыз Жібекті" үш жыл түсірдік": актер әрі режиссер Асанәлі Әшімов жайлы не білеміз
Танымал актер Сейфуллин Жолбарысқа араша түсті
Загрузка...

Басты тақырып