Қоғам

Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейді – білім министрлігі

© Sputnik / Абзал КалиевОқулықтар, иллюстративті сурет
Оқулықтар, иллюстративті сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ведомство қазақстандық оқушыларға электронды платформада бір оқу тапсырмасы берілетінін түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Қазақстанның білім және ғылым министрлігі қашықтан оқыту кезінде оқушыларды үй тапсырмасынан босатуды жөн көрді.

Тікелей эфирде өткен тамыз кеңесінде үй тапсырмасынан бас тарту жайлы айтылмаған еді. Бұл шешім туралы "Еуразия" бірінші арнасына берген сұқбатында министрліктің мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрағасы Майра Мелдебекова мәлімдеді.

"Мұғалім оқу тапсырмаларын жариялайды. Яғни, биыл әдеттегі үй тапсырмасы болмайды. Kundelik.kz платформасында бір оқу тапсырмасы орналастырылады", - деп түсіндірді Мелдебекова.

Еске салсақ, 25-28 тамыз аралығында Қазақстанда 2-11 сыныптар үшін қашықтан бірыңғай сабақтар өтеді. Оқушылар өткен материалды қайталайды.

2-4 сыныптар үшін 2-3 сабақ, 5-8 сынып оқушылары үшін 3-4 сабақ, ал 9-11 сыныптар үшін 4-5 сабақ өткізу ұсынылды.

19 тамызда Қазақстан мектептерінде бірыңғай педагогикалық кеңес, ал 20 тамызда ата-аналар жиналысы өтті.

Жаңа оқу жылы биыл алғаш рет қашықтан оқыту форматында басталады.

Жаңалықтар
0