Қоғам

Тоқаев Грузия президентіне көңіл айтты

© Sputnik / Владислав ВодневЗдание Акорды
Здание Акорды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Грузияда жол апаты салдарынан көптеген адамның қаза болып, зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 25 тамыз – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грузия президенті Саломе Зурабишвилиге көңіл айтты, деп хабарлады Ақорда.  

Президент Грузияның Шатили таулы мекені маңайында орын алған жол-көлік апаты салдарынан көптеген адамның қаза болып, зардап шеккені туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдап, көңіл айту жеделхатын жолдады.

"Осындай ауыр сәтте орны толмас қайғыға ортақтасып, барша қазақстандықтың және жеке өз атымнан достас Грузия халқына, жақындарынан айрылған отбасыларға көңіл айтамын. Қасіретті оқиғада зардап шеккендердің тез арада сауығуына тілектеспін", – делінген жеделхатта.

Айта кетейік, 23 тамыз күні Шатили жолында жол апатынан 17 адам көз жұмды. Грузия ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, микроавтобус таулы аймақта шамамен 80 метр биіктіктен құлаған.

Елдің Қылмыстық кодексінің "Жол қозғалысы қауіпсіздігі немесе көлікті пайдалану ережелерін бұзу" бабы бойынша тергеу басталды.

Жаңалықтар
0