09:25 27 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.59
  • EUR507.30
  • RUB5.62
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1664)
171 0 0

Бұрын Қазақстанда ересектер, балалар мен жүкті әйелдерді диагностикадан өткізу мен емдеудің бірыңғай хаттамасы болды

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігі балаларды COVID-19 инфекциясынан емдеудің жаңа клиникалық хаттамасын әзірледі. Ол осы аптада бекітілуі мүмкін. Бұл туралы "Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығы" АҚ басқарма төрағасы Риза Боранбаева мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Айтуынша, енді Қазақстанда коронавирустан емдеудің үш хаттамасы қолданыста болады. Біріншісі ересектерге арналған, екіншісі жүкті әйелдер үшін, ал үшіншісі балалар үшін. 

"Балалар арасында COVID-19 емдеудің клиникалық хаттамасы әзірленді. Ол жуырда, соңғы екі аптада әзірленді. Бұрын Қазақстанда ересектер, балалар мен жүкті әйелдерді диагностикадан өткізу мен емдеудің бірыңғай хаттамасы болды. Соңғы екі апта ішінде біз бөлек хаттама әзірлеумен айналыстық", - деді Боранбаева онлайн баспасөз мәслихатында. 

Ол жаңа клиникалық хаттама осы аптада бекітілуі мүмкін екенін жеткізді. Айтуынша, хаттамаға Кавасакиге ұқсас синдром енгізілген.

Тағы оқыңыз: "Балалар ауырып жатыр": әкімдік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1664)

Тақырып бойынша

Қазақстанда 16 баладан Кавасаки синдромына ұқсас ауру анықталды
Мектепке баратын оқушыларға маска мен қолғап кию міндетті ме – министрлік жауабы
Денсаулық сақтау министрі коронавирусқа қарсы вакцинаны салдыруға дайын
Министрлік карантинде той жасаған әншілерге қатысты тексеріс жүргізіп жатыр
Түркістан облысында 6 жасар бала өзен көпірінен құлап қайтыс болды
Кілт сөздер:
хаттама, коронавирус, балалар, Қазақстан
Загрузка...

Басты тақырып