09:09 27 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.59
  • EUR507.30
  • RUB5.62
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
325 0 0

Мамандардың айтуынша, соңғы кездері ата-ана қадағалауынсыз қалған балалардың қатысуымен болған жазатайым оқиғалардың саны артқан

НҰР-СҰЛТАН, 24 тамыз – Sputnik. Төтенше жағдайлар комитеті қараусыз қалған балалардың жазатайым оқиғаларға жиі ұшырай бастағанына алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Ресми мәліметке сәйкес, демалыс күндері республика бойынша балалардың қатысуымен 7 жазатайым оқиға тіркелді. Оқиға салдарынан 3 бала көз жұмып, 5 бала ауруханаға жатқызылды", – делінген хабарламада.

Өткен сенбі түнінде Нұр-Сұлтандағы "Пригородное" саяжай алқабында 8 және 3 жастағы балаға иіс тиіп, шұғыл ауруханаға жеткізілді. Балалар тұратын саяжайдағы пештің мұржасы тазаланбаған болып шықты. Сол күні 14 қабатты үйде ересектер қарауынсыз қалған 2016 жылы туған қыз бала 4-қабаттағы пәтердің терезесінен құлап, жарақат алды. Ол дереу ауруханаға жатқызды.

Алакөл көлінде екі гидроциклдің соқтығысуы салдарынан 2012 жылы туған бала бас жарақатын алды. Ал Павлодар облысындағы Мәжһүр Жүсіп ауылында жеке тұрғын үйдің ауласында жеңіл автокөлік отқа оранып, салдарынан екі жасар қыз баланы күйік шалған. Бүлдіршін ауруханаға жатқызылғанымен, алған жарақатынан қайтыс болды. Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының тұйықталуы.

23 тамызда Алматы қаласында жеке тұрғын үйдің ауласында 10 жастағы бала тереңдігі 4 метр жертөле терезесіне арналған шұңқырға құлап кеткен. Оны қалалық құтқару қызметінің мамандары алып шықты. Сол күні Батыс Қазақстан облысындағы Жаңақазан ауылында ересек адамдардың қарауынсыз қалған 2016 жылы туған қыз бала тереңдігі 2,5 метр ашық құдыққа құлап, суға тұншыққан.

Оқи отырыңыз: Шымкентте жас ана мен омыраудағы сәбиі жазатайым оқиғаның құрбаны болды

Ал Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында тағы бір жеке тұрғын үйдің ауласында 8 жастағы бала қараусыз қалған. Ол қолдан жасалған әткеншектен жарақат алуы салдарынан көз жұмды.

"Соңғы кезде ата-ана қадағалауынсыз қалған балалардың қатысуымен болған жазатайым оқиғалардың саны артты. Балалар үйде болған кезде, ең алдымен қайғылы жағдайларды болдырмау үшін қарапайым қауіпсіздік қағидаларын қамтамасыз етуі тиіс", – дейді комитет мамандары

Тақырып бойынша

Сәтбаевтағы оқиға: полицияның педофилді үйінен қалай алып шыққаны белгілі болды
Екі мың теңге үшін өлтірді: Ақтөбеде сұмдық оқиға ізі суымай ашылды
Рудный әкімінің орынбасары әйелін өзі босандырып алды
Рудный қаласындағы автопаркте он автобус отқа оранды
Мектеп ауласында ойнап жүрген бала жазатайым оқиғадан екі қолынан айырылды
Тұншығып қалған: Петропавлда ер адам жазатайым оқиғадан көз жұмды
Кілт сөздер:
жазатайым оқиға, балалар, қауіпсіздік
Загрузка...

Басты тақырып