Өңірлер

Полиция киімімен роликке түскен актерге 458 мың теңге айыппұл салынуы мүмкін

© SputnikПолицейская форма
Полицейская форма - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Адвокаттың пікірінше, бейнежазбада жала жабу туралы әңгіме болуы мүмкін емес. Өйткені, актер форманы қоғамға қауіпті әрекет жасау мақсатында кимеген

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Талдықорғанда полиция формасын киіп, жарнамалық сипаттағы роликке түскені үшін актерге екі бап бойынша хаттама толтырылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Видеода полиция қызметкері дүкенге санитарлық нормалардың сақталуын тексеру үшін келіп, көлігі болмаса да, екі шина алып шығады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ТАЛДЫКОРГАН 24/7 (@kris_p_tdk)

Актердың адвокаты Есімбол Мамырқанов: "Жарнамалық мақсатта түсірілген бұл бейнеролик дүкенге қандай пайда әкелгені белгісіз. Бірақ актерге полиция формасын кигені және жала жапқаны үшін айыппұл салынатын болды" деп мәлімдеді.

"Қазіргі кезде хаттама сотқа жіберілді. Бұл факті үшін оған 13 890 теңге және полиция формасын кигені үшін 444 480 теңге айыппұл салынады немесе 15 тәулікке қамалады", – деді ол желідегі жазбасында.

Адвокат Мамырқановтың пікірінше, бейнежазбада жала жабу туралы әңгіме болуы мүмкін емес. Өйткені, актер форма киіп қоғамға қауіпті әрекет жасауға әрекеттенген жоқ немесе оны бопсалау, алдау, қорқыту сияқты теріс мақсатта пайдаланбаған.

Оқи отырыңыз: "Прокурор мен полицей" әңгімесінің жазбасы жарияланып кетті – тың ақпарат шықты

Жаңалықтар
0