Қоғам

Қандастарды қабылдауға қанша квота бөлінгені белгілі болды

© SputnikҚазақтар, архивтегі сурет
Қазақтар, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Еңбек министрінің бұйрығы алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі

НҰР-СҰЛТАН, 21 тамыз – Sputnik. Қазақстанның өңірлеріне қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың 2020 жылға арналған квотасы бекітілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 17 тамыздағы "2020 жылға арналған қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасын бекіту туралы бұйрығы шықты.

Құжатқа сәйкес, биыл қандастарды қабылдау үшін 1 378 адамға, ал қоныс аударушыларды қабылдау үшін 4 750 адамға өңірлік квота бөлініп отыр.

Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Тағы оқыңыз: Министр елге оралған қандастарға қатысты жағымды жаңалықты жеткізді

Айта кетсек, президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен "оралман" сөзі "қандас" ұғымымен алмастырылды. Заңға тиісті өзгерістер биыл енгізілген болатын.

Сонымен қатар, енді этникалық қазақтар 1991 жылға дейін шет мемлекетте тұрғанын растамайды. "Оралман" мәртебесін алу үшін бұрын Қазақстан азаматтығын алмағаны негізгі критерий болып саналады.

Жаңалықтар
0