Қоғам

Қазақстанда митингтен хабар тарататын журналистер нені білуі тиіс

© Sputnik / Владислав ВодневЕр адам телефон ұстап тұр, архивтегі сурет
Ер адам телефон ұстап тұр, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Митингтерден ақпарат тарататын журналистерде өзімен бірге қызметтік куәлігі мен айырым белгілері болуы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Қазақстанда журналистердің митинг кезіндегі құқықтары мен міндеттері айқындалған ережелер бекітілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Тиісті бұйрыққа ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева қол қойды.

Бұйрыққа сәйкес, журналист бейбіт жиналыстарда хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және дайындау бойынша өз қызметін жүзеге асыра отырып, Қазақстан заңдарында көзделген құқықтарға ие болады және міндеттерді мойнына алады.

Егер бейбіт жиналысқа қатысушылардың болжамды саны 200 адамнан асса, әкімдік журналистерді Жедел баспасөз орталығымен қамтамасыз етеді.

Жедел баспасөз орталығы мынадай шарттарға сәйкес келуі тиіс:

  • лентамен шектеу;
  • фото-, бейнетүсірілім жасау және сұхбат алу үшін жеткілікті түрде көрінуді қамтамасыз ету;
  • электрмен жабдықтау;
  • адамның өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, ішкі істер органдары қызметкерлерінің жедел ден қоюы арқылы журналистердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Журналист бейбіт жиналыстарда ақпарат жинау, өңдеу және дайындау бойынша өз қызметін Жедел баспасөз орталығының аумағында да, одан тыс жерлерде де жүзеге асырады.

Тағы оқыңыз: Бұдан былай бейбіт митинг өткізу үшін рұқсат алудың қажеті жоқ – Тоқаев

"Журналистерге олардың кәсіби қызметін жүзеге асыруға кедергі келтіретін адамдар Қазақстан заңдарына сәйкес жауапқа тартылады", - делінген бұйрықта.

Журналистердің айырым белгілері

Бұйрықта журналистің айырым белгілері де көрсетілген. Олар:

  • ашық көк түсті кеудеше, алдыңғы және артқы жағында жарық шағылыстыратын жолақтардың үстінде "PRESS" деген жазу бар;
© Сайт online.zakon.kzКеудеше
Қазақстанда митингтен хабар тарататын журналистер нені білуі тиіс - Sputnik Қазақстан
Кеудеше
  • қанық сары түсті жеңдегі таңғыш, ортасында "PRESS" деген жазу жазылады;
  • ортасында "PRESS" жазуы бар көк түсті жапсырма.
© Сайт online.zakon.kzЖапсырма
Қазақстанда митингтен хабар тарататын журналистер нені білуі тиіс - Sputnik Қазақстан
Жапсырма

Бейбіт жиналыстар кезінде БАҚ өкілінің өзімен бірге журналист куәлігі де болуы тиіс.

Жаңалықтар
0