Қоғам

Тоқаев Шпекбаевты қорғаныс министрінің орынбасары қызметіне тағайындады

© Sputnik / Абзал КалиевАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұған дейін Руслан Шпекбаев Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Руслан Шпекбаев қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

"Мемлекет басшысының өкімімен Руслан Нұртөлеуұлы Шпекбаев Қазақстан Республикасы қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды", - делінген хабарламада.

Бұған дейін ол Қазақстан Қарулы күштері Бас штабы бастығының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

Осы жылдың 14 шілдесінде қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Бақыт Құрманбаевтың қайтыс болғаны хабарланған еді. Ол материалдық-техникалық қамтамасыз ету, қорғаныс өнеркәсіп кешенімен өзара іс-қимыл жасау, қару-жарақ және әскери техника, сондай-ақ, тылдық және медициналық қамтамасыз ету мәселелеріне жетекшілік етті.

Жаңалықтар
0