Қоғам

Мамин үкімет қандай мәселеге байланысты шара қабылдайтынын айтты

© Sputnik / Владислав ВодневПремьер-министр Казахстана Аскар Мамин
Премьер-министр Казахстана Аскар Мамин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам басына шаққанда жылына 16 келіден кем емес балық тұтынуды ұсынса, Қазақстанда бұл көрсеткіш бір адамға 4 келіден келеді

НҰР-СҰЛТАН, 18 тамыз – Sputnik. Үкімет басшысы Асқар Мамин әр облыста балық өндірісін ұйымдастырып, жаңа ауланған сапалы балық сататын сауда орындарының санын арттыруды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін экология министрі Мағзұм Мырзағалиев қазақстандықтардың балықты аз тұтынатынын мәлімдеген болатын. Айтуынша, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы адам басына шаққанда жылына 16 келіден кем емес балық тұтынуды ұсынса, Қазақстанда бұл көрсеткіш бір адамға 4 келіден келеді.

Осыған байланысты премьер-министр Асқар Мамин әр өңірде балық өндірісін ұйымдастырып, бизнес субъектілеріне су қоймаларын бекітіп, жаңа ауланған сапалы балық сататын сауда орындарының санын арттыруды тапсырды. 

"Азаматтардың пайдалы тамақтану рационын қамтамасыз ету үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысы бойынша бір адамға балықты тұтыну деңгейін 16 келіге жеткізу керек. Үкімет ол үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды", - деді Мамин үкімет отырысында. 

Қолға алынған шаралардың арқасында биыл өсірілген балықтың көлемін соңғы екі жылда 1,6 есеге өсіріп, 9 мың тонна тауарлы балыққа жеткізу жоспарланып отыр. 

Сонымен қатар, тауарлы балық өсіруді дамытуға бағытталған инвестициялық жобаларға жеңілдетілген кредит беру көзделген. 

"Бұл ретте өсірілетін балықтың негізгі көлемі бірнеше өңірге тиесілі, бұлар – Түркістан облысы, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстары. 2030 жылға қарай балық өндірісінің көлемін 600 мың тоннаға дейін жеткізуге мүмкіндік бар", - деді үкімет басшысы. 

Мамин агроөнеркәсіп кешенінде балық шаруашылығы базалық салалардың бірі болуы тиіс екенін атап өтті. Экспорт көлемі 10 есе артып, 300 мың тоннаға дейін жетеді, кемінде 100 мың қосымша жұмыс орны құрылады.

Жаңалықтар
0