05:29 28 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD429.75
  • EUR507.45
  • RUB5.61
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
362 0 0

Биыл әлемдік рейтингтің алғашқы ондығына Финляндия, Дания, Швейцария, Исландия, Норвегия, Нидерланд, Швеция, Жаңа Зеландия, Австрия мен Люксембург енді

НҰР-СҰЛТАН, 17 тамыз – Sputnik. Бақыттың деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингісінде Қазақстан 153 мемлекеттің ішінде 50-ші орынға көтерілді. Ал Еуразиялық экономикалық одақ аясында бірінші орынға шықты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

World Happiness Report сайтының мәліметіне сәйкес, былтыр Қазақстан 60-шы орында болған. Ал осы жылы 10 сатыға көтеріліп отыр. Еуразиялық одақтың ішінде Қазақстан бірінші орында келеді. Рейтингте Ресей – 73 орында, Қырғызстан - 74-ші орында, Беларусь - 75-ші орында, ал Армения 116-орында тұр. 

Айта кетейік, бақыттың деңгейі бойынша әлем елдерінің рейтингісі халықтардың қаншалықты бақытты екенін өлшеуге арналған халықаралық жоба. Рейтингті әзірлеу кезінде бірнеше көрсеткіш есепке алынады. Олар: жан басына шаққандағы ішкі жалпы өнімнің деңгейі, өмірдің ұзақтығы, азаматтық бостандықтың болуы, ертеңгі күнге деген сенім мен қауіпсіздік сезімі, отбасының тұрақтылығы, жұмыспен қамту кепілдігі, жемқорлық деңгейі, сондай-ақ, сенім, қайырымдылық пен жомарттық сияқты көрсеткіштер. 

Биыл әлемдік рейтингтің алғашқы ондығына Финляндия, Дания, Швейцария, Исландия, Норвегия, Нидерланд, Швеция, Жаңа Зеландия, Австрия мен Люксембург енді. Ал ең соңғы орында - Зимбабве, Оңтүстік Судан мен Ауғанстан.

Қазақстандықтар өмірге қаншалықты риза

Статистика комитетінің ақпараты бойынша сауалнамаға қатысқан респонденттердің 63,5 проценті қазіргі өміріне қанағаттанады. Ауылда - 72,6 процент, ал қалада  - 58,4 процент.  Қазақстанда әйелдерге (58,5%) қарағанда, ер адамдар (61,8%) өмірге риза.

Өткен жылы өмірге қанағатанамыз деген респонденттердің жалпы саны 60 процент болды. 2018 жылы осы көрсеткіш 56,5 процент еді.

Тақырып бойынша

Ғалымдар қандай әйелдердің ең бақытты екенін айтты
"Өзімді өте бақытты жан санаймын": Димаш өміріндегі қызықты сәттері туралы әңгімеледі
Қазақстандықтар тамыз айында неше күн демалады
"Бақытты жандармыз" Қайрат Нұртас пен Айдана Меденова министрдің әнін орындады - видео
"Пәтер беріледі": хат алған қазақстандықтар не істеуі керек
Кілт сөздер:
бақыт, қазақстандықтар
Загрузка...

Басты тақырып