20:25 20 Қазан 2020
Тікелей эфир
  • USD427.88
  • EUR502.93
  • RUB5.51
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Абайдың 175 жылдығы (61)
228 0 0

Абайдың 175 жылдығына орай Қазақстанда жыл бойы көптеген байқаулар ұйымдастырылып, олардың арасындағы ең үздік жұмыстар таңдалды

НҰР-СҰЛТАН, 10 тамыз – Sputnik. Мәскеулік мектеп оқушылары қазақстандық балалар салған суреттерден Абайдың портреті бейнеленген үлкен пазл құрастырады. Ұлы ақын мен ойшылдың Чистопрудный бульварындағы ескерткіштің алдында ұйымдастырылатын акция 12 тамызда өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Абайдың портреті қазақстандық балалардың екі жүз суретінен құрастырылатын болады. Ал оны құрауға мәскеулік мектеп оқушылары мен қала қонақтары қатысады", - деп мәлімдеді Нұр-Сұлтанда орналасқан Ресей ғылым және мәдениет орталығының өкілдері.

Пазл Семейдегі Абай мұражайына тапсырылады

Іс-шараны ұйымдастырушылар қатарында ресейлік ғылым және мәдениет орталығының Қазақстандағы өкілдігі, "Русские культурные сезоны" қоры, Ресейдің Қазақстандағы елшілігі, Қазақстанның Ресейдегі елшілігі, ЮНЕСКО клубының балалар шығармашылығы мектебі (Нұр-Сұлтан қаласы), Қазақстандағы суретші-педагогтар халықаралық одағы, қазақстандық "Дети рисуют мир" қоры, ЮНЕСКО клубының "Жамбыл дарыны" орталығы (Тараз қаласы) және "ЛОРД" лицейі (Петропавл қаласы) бар.

Қазақстанның Ресейдегі елшілігі ғимаратының жанында Абайға арналған ескерткіш 2006 жылы елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Владимир Путиннің қатысуымен ашылды.

10 тамызда Қазақстан алғаш рет жаңа мереке – Абай күнін атап өтуде. Бұл 175 жасқа толған қазақ ақынының мерейтойымен тұспа-тұс келді.

Осыған орай, республикада бірқатар мәдени іс-шаралар жоспарланғанымен, індетке байланысты олардың көпшілігі онлайн форматқа көшірілді.

Оқи отырыңыз: "Абай айт­қан жал­қаулық жиі кездесетіні қынжылтады": Тоқаев мақала жариялады

Есте қалған елеулі шараның бірі – мектеп оқушысы Лайлім Шамшырақ бастаған Абай өлеңдерін оқуға арналған поэтикалық эстафета болды. Оқушы қыз эстафетаны президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа жолдап, мемлекет басшысының ұсынуымен өлең оқуды әнші Димаш Құдайберген жалғастырды.

Тақырып:
Абайдың 175 жылдығы (61)

Тақырып бойынша

10 тамыз – Абай күні: мерекелік шараларға шолу
Пандемия кезінде Абай фильмі қалай түсіріледі – министр жауап берді
Татарстан президенті Абай өлеңін қазақ тілінде оқыды
"Абай" операсы Мәскеудегі Үлкен театрда сахналанады
Польшада Абай бейнеленген пошта маркасы шығарылды
Кілт сөздер:
Мәскеу, балалар, Абай
Загрузка...

Басты тақырып