Қоғам

"Үндемедім": Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты

Жазылу
Әнші Қабанбай батыр мен Сәкен Сейфуллин көшелері қиылысында салынған мурал үшін жерлестеріне іштей рахмет айтқанын жазды

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Алматы көшелерінің бірінде салынған суретіне байланысты пікірін жазды.

© Photo : Twitter / sula_manchesterӘнші суреті туралы жар салып жазуға ұялғанын айтты
Үндемедім: Димаш Құдайберген неден ұялғанын айтты - Sputnik Қазақстан
Әнші суреті туралы жар салып жазуға ұялғанын айтты

Әнші Қабанбай батыр мен Сәкен Сейфуллин көшелері қиылысында салынған мурал үшін жерлестеріне іштей рахмет айтқанын, алайда алдында аға буын өкілдері тұрғандықтан, ол жайлы жар салып жазуға ұялғанын айтты.

"Алматы қаласында осындай керемет мурал салыныпты. Жерлестердің сыйлығын көргенде жүрегіме жылулық орнап, іштей рахметімді айтқан болатынмын. Алайда Қонаевтай ұлы тұлғаларымыз тұрғанда жас буын өкілі өзінің алып суреті жайлы жар салғаны ұят болар дедім де, үндемедім", - деп жазды әнші Instagram парақшасында.

Сонымен қатар әнші муралды салған азаматтардың еңбегін бағалады.

"Қадірлі суретшілер, қолдарыңыз дерт көрмесін, туындыларыңыз жер шарын шарлап, қазақтың атын биікке көтерсін және барша қолдаушыма шын жүректен алғыс білдіремін", - деп жазды Димаш Құдайберген.

Айта кетейік, бұған дейін әнші әлеуметтік желіде ұлттық аза тұту күніне орай жазба жариялап, мамыражай күндердің қайта келетініне сенім білдірді.

Тағы оқыңыз: "Ненің құрметіне?!": Димаш шенеуніктерге неге шүйлікті

Жаңалықтар
0