Қоғам

Тоқаев: үкімет карантин режимін сақтау шараларын күшейтуге міндетті

© Sputnik / Владислав ВодневРезиденция президента Казахстана Акорда
Резиденция президента Казахстана Акорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президент денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру екенін мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті екенін айтты.

"Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке дейін түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес", - деп жазды ол Twitter-дегі парақшасында. 

Мемлекет басшысы бүкіл әлемде пандемия өршіп тұрғанын айтты. Ол Қазақстанды да айналып өтпеді. Індет жүздеген еңбеккер мен зейнеткерді, қарттар мен жастарды, атақты азаматтарымыз бен қарапайым адамдарды арамыздан алып кетіп жатыр, деді президент.

Тағы оқыңыз: ДДҰ карантин режиміне қатысты мәлімдеме жасады

3 тамыз таңертеңгі ақпаратқа сәйкес, Қазақстанда тағы 1 069 адам коронавирус жұқтырған.

Жаңалықтар
0