Қоғам

Салтанат Рақымбекова пневмониядан көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевСалтанат Рахимбекова на пресс-брифинге в студии Sputnik Казахстан
Салтанат Рахимбекова на пресс-брифинге в студии Sputnik Казахстан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Суыт хабарды Салтанат Рақымбекованың күйеуі хабарлады. Ол үш апта бойы дертпен күрескен, 55 жаста еді

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз - Sputnik. Қазақстан Азаматтық альянсының президенті Салтанат Рақымбекова пневмониядан көз жұмды. Бұл туралы оның күйеуі Төлеутай Рақымбеков хабарлады.

Ол үш апта бойы дертпен күрескен, 55 жаста еді.

Белгілі қоғам қайраткері "жасыл" экономикаға көшуге қатысты бастамаларды жүзеге асырумен айналысты. Ол жаңа қызметіне, 24 шілде күні ғана тағайындалды. 

Салтанат Рақымбекова бірнеше мәрте Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығының брифингтеріне қатысты. Ауылдағы әйелдер бизнеспен айналысуы үшін қандай қолдау көрсетілетінін, экологиялық кеңсе ғимараттарын қалай жасауға болатынын айтты.

Sputnik Қазақстан редакциясы Салтанат Рақымбекованың отбасына көңіл айтады.

Ол 1965 жылы туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын тәмамдады, экономика ғылымдарының докторы.

Түрлі жылдарда қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі, "Жасыл экономика" және G-Global дамыту коалициясының басқармасы басшысы, Қазақстанның кәсіпкер әйелдері одағы төрағаларының бірі болды.

"Астана ЭКСПО-2017" ҰК" АҚ атқарушы директоры және EXPO & Women. халықаралық ұйымының директоры қызметтерін атқарған. "Құрмет" орденінің иегері.

Жаңалықтар
0