21:14 26 Қараша 2020
Тікелей эфир
  • USD422.87
  • EUR503.38
  • RUB5.60
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (1803)
5089 0 0

Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы Халықаралық вакцинология орталығында коронавирусқа қарсы вакцина алғашқы адамға егілді  

НҰР-СҰЛТАН, 1 тамыз – Sputnik. Халықаралық вакцинология орталығының мамандары Қазақстанда алғаш болып коронавирусқа қарсы вакцинаны қолданды. Австралияда жасалған препарат орталықтың басшысы Қайсар Табыновқа егілді.

Австралиялық мамандар жасаған вакцинаның ресми атауы – COVAX-19.

"Жақында денсаулығымды тексертіп, дәрігердің ұйғарымын алғаннан кейін өзіме COVAX-19 препаратымен вакцина салдырдым. Қазіргі уақытта жағдайым өте жақсы, ешқандай жағымсыз әсері анықталмады", - деп жазды Халықаралық вакцинология орталығының басшысы Қайсар Табынов Facebook парақшасында.

Қазіргі уақытта, Табыновтың айтуынша, вакцина клиникалық зерттеулердің бірінші кезеңінен өтіп жатыр.

"Компания Австралиядағы жетекші биотехнологиялық компаниялардың бірі болып саналады және қазіргі уақытта өз еліндегі 40 еріктіге осы вакцинаны сынақтан өткізіп жатыр. Клиникалық сынақтың бірінші кезеңіндегі аралық нәтижелер жақсы, осы аптада еріктілерге екінші рет вакцина егіледі", - деп түсіндірді Табынов.

Оқи отырыңыз: Бекшин тұмауға шалдыққан науқас коронавирус жұқтырса не болатынын айтты 

Оның айтуынша, үш айдан кейін жаһандық клиникалық сынақтың екінші және үшінші кезеңдерін өткізу жоспарланған, оған ондаған елден 30-100 мың ерікті қатысады.

"Біздің ел де осы процеске қосылып, вакцинаға арзан бағамен қол жеткізеді деп үміттенемін", - деп түйіндеді ол.  

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (1803)

Тақырып бойынша

Коронавирусқа қарсы жаппай егу қашан басталуы мүмкін – ғалым пікірі
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі
Қытайдан әкелінген маскаларға инфекция жұқтырылған - министрлік түсініктеме берді
Мамин: Қазақстан коронавирусқа қарсы вакцинаны алғашқылардың бірі болып алудан үмітті  
Кілт сөздер:
екпе, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып