Қоғам

Тоқаев "Бәйтерек" жобасын қадағалап отыр

© SputnikРакета
Ракета - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Байқоңырда "Союз-5" зымыран тасығыштарын ұшыру сынақтарын бастау 2023 жылға жоспарланған, қажетті жерасты инфрақұрылымы да үш жылдан кейін дайын болуы тиіс

НҰР-СҰЛТАН, 30 шілде – Sputnik. "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешені жобасын жүзеге асыру барысын Қазақстан мен Ресей президенттері – Қасым-Жомарт Тоқаев пен Владимир Путин қадағалап отыр. Бұл туралы Sputnik Қазақстан мультимедиялық баспасөз орталығында ресейлік ғарыш агенттігінің өкілі Анатолий Красников мәлімдеді.

"Бұл жобаны жүзеге асыру мәселесі мемлекет басшыларының, екі ел басшылығының бақылауында. Бұл кейбір мәселелер шешіліп жатқан кезде бізге біршама көмек береді. Сонымен бірге белгілі бір жауапкершілік жүктейді, өйткені біз білдірілген сенімге сәйкес болуымыз керек", - деді Красников.

Роскосмос өкілі алғашқы зымыран тасығыш 2023 жылы ұшырылатынын растады, сынақ бағдарламасы жоспарланған.

Красников қазіргі уақытта бұл жобаны белсенді жүзеге асыру үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.

"Оны алға жылжытуға біздің бәріміз мүдделі екенімізге сенімдімін және біз осы мүмкіндікті пайдаланып, жетістікке жетеміз", - деп түйіндеді Красников.

Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Ресей "Союз-5" зымырандарын ұшыру алаңын құру туралы келісімге қол қойды 

Естеріңізге сала кетейік, 30 шілдеде  Қазақстан мен Ресей кәсіпорындары Байқоңырда "Союз-5" зымырандарын ұшыру кешенін құру туралы келісімге қол қойды.

"РКК "Энергия" ЖАҚ мен "СП "Бәйтерек" АҚ арасында келісімшарт жасау рәсімі Байқоңырда өтті.

 Қазақстан "Зенит-М" ғарыш зымыран кешенін жаңғырту арқылы жер үсті инфрақұрылымын құруға жауап береді. Ресей "Союз-5" және "Союз-6" зымыран тасығыштарын жасап шығарады.   

Жаңалықтар
0