Қоғам

Шымкент әкімі екі бірдей орынбасарын қызметінен босатты

© Sputnik / Владислав ВодневСирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год
Сирийские переговоры. Нур-Султан, 11 декабря 2019 год - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызметінен босатылған қос шенеунік осыдан төрт ай бұрын бүгінге дейін атқарған лауазымға тағайындалған

НҰР-СҰЛТАН, 29 шілде – Sputnik. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов екі бірдей орынбасарын қызметінен босатты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл туралы әкімдіктің Instagram желісіндегі ресми парақшасында арнайы жазба жарияланды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @akimat_shymkent

"Шымкент әкімінің өкімімен қала әкімінің бірінші орынбасары Садыр Ербол Әбілхайырұлы мен қала әкімінің орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы қызметінен босатылды", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, қос шенеунік те әкім орынбасары болып осыдан төрт ай бұрын тағайындалған болатын.

Садыр Ербол туралы не білеміз?

Ербол Әбілхайырұлы 1973 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист.

1994 жылдан Созақ аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің экономика жөніндегі орынбасары болып бастаған.

1995-2009 жылдары Созақ ауданы әкімшілігі экономика бөлімінің бас маманы, меңгерушісі, экономика, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі бөлімдерінің меңгерушісі, облыстық кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқарма бастығының орынбасары, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы инвестициялық саясат бөлімінің бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы қызметтерін атқарған.

2013-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, ал 2017 жылдың 14 қыркүйегінен кейін Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымын иеленді.

2019 жылдың тамыз айында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметіне, 2020 жылдың ақпан айынан бастап қала әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалған болатын.

Мамытбековтің қызмет жолы қандай?

Алмасбек Кеңесбекұлы 1969 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша география-биология пәндерінің оқытушысы, экономика және бизнес маманы.

Еңбек жолын 1994 жылы "Қазақстан" жастар орталығының менеджері болып бастаған. А.Мамытбеков 1994-2005 жылдар аралығында Шымкент қаласының бірқатар басқармаларында бас маман, бөлім бастығы қызметтерін атқарған.

Оқи отырыңыз: Шымкент әкімінің төрт бірдей орынбасары ауырып қалды

Сондай-ақ, ол Оңтүстік Қазақстан облысы ішкі саясат басқармасының бастығы, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің бас инспекторы, "Nur Otan" партиясы Оңтүстік Қазақстан облысы филиалы төрағасының бірінші орынбасары, ОҚО Ордабасы ауданының әкімі және Түркістан облысы еңбек инспекциясы жөніндегі басқарма басшысы – Түркістан облысының бас мемлекеттік еңбек инспекторы қызметтерін атқарған.

2020 жылдың ақпан айында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалған.

Жаңалықтар
0