Қоғам

Министрлік қанша қазақстандыққа 42 500 теңге төленгенін айтты

© Sputnik / Абзал Калиев42 500 теңге, телефон, ақша
42 500 теңге, телефон, ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
17 шілдеден бері 2,2 миллионнан астам адамнан біржолғы әлеуметтік төлемге өтініш түсті, 42 500 теңге 1,9 миллион азаматқа тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН, 28 шілде – Sputnik. 28 шілдедегі жағдай бойынша 1 миллион 820 мың қазақстандық шілде айына 42 500 теңге алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сілтеме жасап.

"28 шілде сағат 9.00-дегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан ең төменгі жалақы – 42 500 теңге мөлшерінде біржолғы төлем тағайындауға азаматтардан 2,2 миллионнан астам өтініш қабылданды. Төлем 1,9 миллион адамға тағайындалды. 1 миллион 820 мың қазақстандыққа ақша аударылды", - делінген хабарламада.

42 500 теңге кірісінен айырылған азаматтарға шілде айына төленеді.

Тағы оқыңыз: 42 500 теңгеге өтінім берудің жаңа әдісі іске қосылды

Азаматтар санаты бойынша:

  • 822,1 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден берілді (проактивті форматта);
  • 170,4 мың өтініш жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілерден түсті;
  • 1 миллион 241 мың өтінішті жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатындар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша табыс алатын жеке тұлғалар берді.

Өтінішті Egov.kz, 42500.enbek.kz порталдары, telegram-боттар және екінші деңгейлі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы беруге болады.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

Жаңалықтар
0